«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Таксономиясы.Corynebacterium diphtheriа Firmicutes



бет8/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Таксономиясы.Corynebacterium diphtheriа Firmicutes бөліміне, Corynebacterium туыстастығына жатады. Микробтың аты морфологиялық ерекшелігіне байлынсты, грек сөзі koryne-түйреуіш, bacteria-таяқша деген мағынаны білдіреді.
Морфологиясы. Күл қоздырғышы жіңішке, сәл иілген, ұштары жуан келген таяқшалар. Қалың ұштарында волютин дәндері бар, оларды Бабеш-Эрнест дәндері деп атайды. Қозғалмайды. Спора, капсула түзбейді. Грам + боялады. Анилин бояуларын әсіресе волютин дәндері жақсы сіңіреді. Жағынды препаратта көбіне екі-екіден орналасады, олар рим саны V тәрізді болып жатады. Микробтың орналасуы мен волютин дәндерінің болуы-оның диагностикалық қасиеті болып саналады.Кейде дифтерия таяқшалары полиморфты, яғни ұзын, қысқа, жуан,жіңішке, тік иілген болып келеді.
Дақылдануы. Күл қоздырғышы факультативті анаэробтар. Өсу температурасы 370 С градус, рН 7,6,арнайы қоректік орталарда өседі (көбіне элективті орталарда: Ру, Леффлер қоректік ортасы, ұйытылған сарысу, Бучин-хинозольді ортасы, Тинсдаль цистин-теллурит-сарысу ортасы).
Калий теллуриті мен қаннан тұратын Клауберг ортасында үш типті колониялар өседі: ірі,сұр,шеттері түзу емес, радиалды сызылған, дәстүргүл тәрізді, ұсақ, қара, шығыңқы, шеттері біркелкі, екі типке де ұқсайтын колониялар.
Дақылдық және ферменттік қасиетіне байланысты Corynebacterium diphtheriа-ның 3 биологиялық варианты бар: gravis, mitis, intermedius.
Токсин түзуі. Дифтерия қоздырғышы экзотоксин түзеді.
Төзімділігі. Қоршаған ортаның әсеріне тұрақты. 600 С 10-15 минут. 1000 С градус 1 минут аралығында жансызданады. Ұйытылған сары суда екі айға дейін сақталады. Төмен температураға, кебуге шыдамды. Фенол, сулема,10% қаныққан сутек ерітіндісінде бірнеше минутта жансызданады.
Жануарлардың сезімталдығы.Табиғи жағдайда жануарлар ауырмайды. Тәжірибелік жануарларға жұқтырады.
Инфекция көзі. Ауру адам және микробтасымалдаушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет