Антигендік құрылысы.Өте күрделі. Лабораториялық диагностика үшін ең маңызды антигендер-агглютиногендер.
Туыстық агглютиноген-7
Түрлік агглютиноген:
көкжөтелде-1
болжамкөкжөтелде-14
Түрлерді дифференциялау үшін 1,14,12 моноспецификалық сары сулар қолданылады. Серологиялық варианттарын анықтайтын басқа агглютиногендер де бар.
Қоршаған ортада төзімділігі. Бұл қоздырғыштардың төзімділігі төмен. 56 градус С-да 20-30 минутта жойылады. Төмен температураларға шыдамсыз. Тіке түскен күн сәулесі және ультракүлгін сәулелер бірнеше минутта жояды. Құрғақ қақырықта бірнеше сағат тіршілік етеді. Дез.ерітінділер тез арада әсер етеді. Антибиотиктерге сезімталдықтары төмен.
Екі қоздырғышта пенициллинге мүлдем сезімтал емес.
Жануарлардың сезімталдығы.Табиғи жағдайда жануарлар сезімтал емес. Экспериментальді жағдайда-тышқан, иттер сезімтал келеді.
Инфекция көзі-ауру адам.
Таралу жолы-ауа-тамшысы арқылы.
Патогенез.Жедел ауру тудыратын қоздырғыштар. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатына еніп, өсіп, көбейіп, бір бөлігі ыдырайды. Ыдырау кезінде бөлінген токсин орталық нерв жүйесіне әсер етеді, оның шырышты қабатының нерв рецепторларын тітіркендіріп-жөтел пайда болады.
Ауру 3 кезеңнен тұрады:
Катаралдық
Спазматикалық
Құбылыстың тоқтауы.
Иммунитет.Гуморальдық,клеткалық факторлары бар тұрақты иммунитет қалыптасады.
Алдын-алу. Ауруды табу және оқшаулау. Әлсіз балаларға иммуноглобулин егу.
Арнайы алдын алу. АКДС вакцинасын 3 рет 6 айға толғанға дейін нәрестелерге егеді, содан соң ревакцинация.
Емдеу. Аурудың алғашқы кезенінде-иммуноглобулин (көкжөтелге қарсы).
Антибиотиктер қолдану.
3.Күл-Corynebacterium diphtheriа туғызатын антропонозды, ауа-тамшылы арқылы токсинемиялық жұқпалы ауру, ол көмей, жұтқыншақ, кеңірдек т.б. мүшелерде фибринозды қабынумен және ағзаның жалпы интоксикациясымен сипатталады. Аурудың аталуы грек сөзінен diphtheriа-үлбір,қабықша,тері деген мағынаны білдіреді. Ол аурудың клиникалық белгілерімен байланысты.
Ең алғаш 1883 жылы Т.Клебс тапқан болса, таза дақыл бөліп алған Ф.Леффлер. Бұл микроб коринебактериялар тұқымдастығына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |