Эпидемиологиясы. Инфекция көзі- ауру адам. Тасымалдаушысы науқастың қанын сорған киім биттері. Риккетсия бит ішегінің эпителиінде көбейеді және де ішек қуысына бөлінеді, сілекей бездерінде биттердің сорғыш мүшесінде риккетсиялар болмағандықтан, шаққан кезде жұқтырылмайды. Адамның зақымдануы бит шаққан жерді қасыған кезде олардың экскременттерін теріге жағып, риккетсиялардың кіруіне жағдай жасалынады.Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы биттеумен (педикулез) байланысты. Бөртпе сүзегі көне заманнан белгілі, дегенмен жеке ауру ретінде 19 ғасырдың аяғында тіркелді. Ауру барлық жерде кездеседі. Бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, әлеуметтік дағдарыстарға, яғни санитарлық-гигиеналық деңгейдің, адамдардың өмір сүру жағдайларының төмендеуіне байланысты.
Патогенезі. Риккетсиялар қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналсқан эндотелий жасушасына енеді, көбейеді және эндотоксин бөледі. Токсин әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бүйректе, миокардта және басқа да ағзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесінде менингоэнцефалит,миокардит, гломерулонефрит дамиды. Науқас жазылған соң, риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы ықтимал, бұл бөртпе сүзегінің рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.
Микробиологиялық диагностикасы. Науқас ағзасынан риккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагноз қою әдісі- серологиялық. Науқастардан алынған әртүрлі материалдардан риккетсиялық антиген немесе антиденелерді анықтау үшін ПГАР, АР, КБР қолданылады.
Емдеуі. Риккетсиоздарды емдеу үшін ең қолайлысы тетрациклин,левомицетин, рифампицин т.б. антибиотиктер.
Алдын алуы. Биттеудің алдын алу және жою шараларын жүргізу қажет. Арнайы алдын алу вакцина (ЖКСВ-Е) егу тек қана қосымша маңызы бар.
Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы
Эндемиялық немесе атжалмандық бөртпе сүзегі-атжалмандарда кездесетін зоонозды жедел қызбалы ауру. Инфекция қоздырғышы-риккетсия тифи, биологиялық және антигендік қасиеті бойынша Провацек риккетсиясына ұқсас, қоздырғыштың тасымалдаушысы- бүргелер болып табылады.Бұл ауру атжалмандар ауруы кездесетін жерде қоныстанған адамдардың арасында оқта-сонда кездеседі. Атжалман бөртпе сүзегін анықтау және эпидемиялық бөртпе сүзегінен оны ажырату үшін спецификалық антигендермен серологиялық реакциялар қою қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |