«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Қоршаған орта факторлары әсерінінің төзімділігі



бет29/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Қоршаған орта факторлары әсерінінің төзімділігі. 560 С температурада 30 мин кейін өледі. Төменгі температурада 70-800 С температурада ұзақ сақталады. Олар кептіруге және қышқылдар әсеріне сезімтал.Қарапайым зарарсыздандыру заттарының концентрациясында бірнеше мин. соң өледі. Лептоспиралар суда 2 айға дейін, сүт өнімдері мен нанда бірнеше сағат өмір сүреді.
Жануарлардың қабілеттіліктері. Лептоспиралар негізінен кеміргіштер қабылдайды, бірақ ірі және ұсақ мүйізді малдар,шошқа,иттер ауырады.
Инфекция көзі: жұғу көзі болып ауру жануарлар-ауылшаруашылық және кеміргіштер (негізінен егеуқұйрықтар) болып табылады. Олар ауруды несептен қоршаған ортадағы топыраққа, ашық су көздеріне таратады. Сонымен қатар тағам өнімдеріне жұқтырады.
Жұғу жолдары: тұрмыстық байланыста (шомылғанда,суда әр түрлі жұмыстар жасаған кезде,ауру жануарға күтім жасағанда),тағамдық (су арқылы және тағамдық өнімдер арқылы).
Иммунитет. Ұзақ сақталады.
Алдын алу. Кеміргіштермен күрес, тағамдық өнімдерді егеуқұйрықтардан, тышқандардан қорғау. Ауылшаруашылық жануарларына вакцинация жүргізу.
Арнайы алдын алу шаралары. Ауру ошақтарында жұмыс жасайтын адамдарға вакцина егу.
Емдеу. Антибиотиктер.
2.Вorrelia туыстастығының спирохеталары антропонозды және зоонозды жұқпалы ауру туғызады. Осы туыстастыққа 20 дан астам түрлер кіреді. Солардың ішінде көбісі адамға патогенді емес. Боррелиялар 3-10-ға дейін бұрамалары бар жіңішке иілген спирохеталар. Қозғалу аппараты 15-20 фибриллалардың құрылған.Анилин бояуларын жақсы қабылдайды, Романовский – Гимзе әдісімен ашық – көк түске боялады. Боррелиялардың тек қана өздеріне ғана тән ерекше генетикалық аппараты бар , ол тура сызықтық кішірек көлемді хромосомалардан және циркулярлы плазмидалар жиынтығынан тұрады. Боррелияларды күрделі қоректік орталарда өсіруге болады. Олардың құрамында сарысу, асцит, тіндік экстрактілер және атмосферада СО2 деңгейі 5-10% болуы қажет, 28-350 С температураларда дақылданады. Сонымен қатар, тауық эмбрионның сарыуыз қапшығында өсіруге болады. Кептіруге және қыздыруға сезімтал, ал төменгі температураға және мұздатуға тұрақты.
Қайталама сүзектің қоздырғыштары Spirochaetaceae тұқымдасының Borrelia түріне жатады. Қайталама сүзек тасымалдау сипатына байланысты биттер арқылы жұғатын-эпидемиялық және тасымалдаушысы кене болып табылатын- эндемиялық болып бөлінеді. Қайталама сүзектің боррелилері басқа спирохеттерден ірі, әртүрлі бұрамаларының болуымен,анилинді бояуларымен жақсы боялатындығымен,әсіресе Романовский-Гимзе әдісі бойынша күлгін түске боялатындығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет