«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет30/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Эпидемиялық қайталама сүзек
Эпидемиялық қайталама сүзек туралы 1868 ж О.Обермайер жазған.
Морфологиясы. Обермайер боррелиі 5-8 бұрамалары бар, ұшы ұшты болып келетін спираль тәрізді жіпше. Өлшемдері 10-18х0,3-0,5 мкм.Олар спирохеттерге тән қозғалыс түрінің бәріне қабілетті.
Өсіру. Жасанды қөректік ортада қан сарысуы мен асцитиялық сұйықтықта, жануарлардың ұлпасы мен ағзасында болғанда өседі.Олар өте жай өседі, анаэробты жағдайда 30-350 С температурада 7-12 күн.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Боррелиялар жоғары температурада өте сезімтал: 40-450 С 30 мин соң белсенділігін төмендетеді, 00 С бірнеше тәулік сақталады. Төменгі температураға төзімді болып келеді. Суыққа қатырған кезде бірнеше айға сақталады. Кептірген кезде тез өледі.
Жануарлардың қабілеттіліктері. Табиғи жағдайда жануарлар қайталама сүзекпен ауырмайды. Тәжірибе кезінде маймылға, ақ тышқандарғағатталмандарға Обермайер боррелилерін жұқтыру қиын.
Инфекция көзі: науқас адам.
Тасымалдаушылар: барлық өмірінде жұқтырушы болып қалатын биттер.
Жұғу механизмі: науқастың қанын сорғанбит 5-7 аптада жұқпалы болады. Бұл кезде спирохеттер биттің ішектеріндегі гемолимфаға өтіп, жиналады.
Тырнаған кезде адам биттің денесін жарақаттайды, тырнаған жерге гемолимфаны жағады.
Иммунитет. Тұрақсыз.
Алдын алу.Педикулезге қарсы күрес, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту.Арнайы алдын алу шаралары дайындалмаған.
Емдеу.Антибиотиктер, мырышты препараттар
Эндемиялық қайталама сүзек
Эндемиялық қайталама сүзектің қоздырғыштарының боррелилерінің бірнеше түрі болады: B.persica, B.duttonii және т.б. B.duttonii Ф.Россо 1904 ж науқастың қанынан тапқан.
Морфологиясы. Кене қайталама сүзегінің боррелилері эпидемиялық қайталама сүзектің қоздырғыштарына ұқсас болады.
Өсіру. B.duttonii арнайы ортада,анаэробты жағдайда өсіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет