«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет64/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Жауаптар эталоны
I нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

d

a

b

b

b

c

d

a

a

c

c

a

d

e

c

II нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

b

a

b

d

d

b

b

b

a

e

b

a

d

е

а



4-тәжірибелік сабақ.


Венерологиялық және урогениталдық жұқпа қоздырғыштары.Бактериалдық трансмиссивтік жұқпа қоздырғыштары


Мақсаты:
-несеп-жыныс жолдары және тері арқылы берілетін бактериялық инфекциялардың морфологиялық ерекшліктері жөнінде ақпарат беру.
-Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
-Білім алушыларды инабаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттік тапсырманы орындау.

Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;

  1. Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж

  2. А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж

Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша теориялық білімін тексеру.
3. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық.
4. Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
5. Жұмыс нәтижесін тексеру, талдау және бағалау.
6. Үйге тапсырма.


Сабақтың жүру барысы

1-тапсырма. Стандарт. Бозғылт трепонеманы бөліп алу және идентификациялау кезіндегі Романовский – Гимзе әдісі бойынша, Левадити әдісі бойынша күміспен боялған қараңғы өрістегі препараттардың микроскопиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
Қараңғы өрісте зерттеу әдісі:

  1. Қараңғы өрісте микроскопиялау: материалды заттық әйнекке тамызып, оны жабынды әйнекпен жабыңыз;

  2. Микроскопиялаңыз (объектив 40х, окуляр 10х);

  3. Сифилис қоздырғышы қараңғы фонда жіңішке ашық қозғалмалы спираль тәрізді болып көрінеді.

Романовский – Гимза әдісі бойынша бояу:

  1. Материалдағы жағындыны Романовский – Гимза әдісі бойынша бояңыз және микроскопиялаңыз;

  2. Препараттан қызғылт спирохета анықталады;

Левадити әдісі бойынша күмістеу:

  1. Материалды күміспен өндеңіз, кейін микроскопиялаңыз;

Ескерту: Ашық фондағы препаратта трепонема қара спираль тәрізді көрінеді.
2-тапсырма .Стандарт. Иммунофлюресценция реакциясы кезіндегі бозғылт трепонеманы зерттеу ерекшеліктері.

  1. Серологиялық реакция үшін люминесцентті микроскопты қолданыңыз;

  2. Бозғылт трепонемаға қарсы иммунды қан сарысуы флюрохроммен өндеңіз;

  3. Бұл қан сарысулары сәйкес антигендермен қосылған кезде спецификалық жарық комплекс құрады. Бұл жарық комплекс люминесцентті микроскоппен анықталады;

3-тапсырма. Стандарт. Трепонеманың липоидты антигенмен, өгіздің кардиолипидті антигенімен сифилис қоздырғышын зерттеу ерекшеліктері. Трепонеманы иммобилизация реакциясы көмегімен сифилис диагностикасының ерекше қасиеттері.

  1. Трепонеманың иммобилизация реакциясы;

  2. ТИР – сифилис диагностикасындағы анағұрлымспецификалық реакция;

  3. Арнайы алынған тіндік трепонеманы аурудан алынған қан сарысуымен өңдеп, препаратты қараңғы өрісте талдаңыз, егер иммобилизациялық трепонема 50 % (қозғалысын жоғалтқандар) жоғары болса реакция оң болғаны;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет