Іс – әрекет алгоритмі:
1.Материалдан жағынды дайында, Грам әдісімен боя, басқасын метилен көкпен боя;
2.Материал бөлігін ЕПА-ға егу, қанды немесе басқа стимулятормен, 28ºС термостатқа қою;
3.Материал бөлігін ақ тышқан немесе теңіз шошқасымен жұқтыру.
4.Тығыз ортаға және сорпаға егіңіз;
5.Колониялардың сипатына қарап жағынды дайындап Грам әдісімен және метилен көгімен боя;
6.Күдікті колониядан фагпен сынама қойыңыз, термостатта 28º С.
7.Оба бактериофагының әсерінен колония лизисінің диагностикалық маңызы бар;
8.Сахаролитикалық қасиетін анықтаңыз;
9.Иерсин обасымен псевдотуберкулезге дифференциация жүргізіңіз, оба қоздырғышы қозғалмайды;
10.Оба иерсиниясы мен псевдотуберкулезге дифференциация жүргізіңіз, қарапайым ортада өсім бермейді;
11.Оба иерсиниясы мен псевдотуберкулезге дифференциация жүргізіңіз, оба қоздырғышы фибринді лизистенеді.
12.Оба иерсиниясы мен псевдотуберкулезге дифференциация жүргізіңіз, оба фагымен лизистенбейді.
13.Оба иерсиниясы мен псевдотуберкулезге диффференциация жүргізіңіз, оба қоздырғышы фибринді ерітеді.
14.Оба қоздырғышы теңіз шошқасын және тышқанды өлтіреді.
2-тапсырма .Стандарт. Тулеремия қоздырғышын бөліп алу және идентификациялау кезінде қолданылатын материалдар мен зерттеу әдістері.
Мақсаты: Зерттелетін материалдан туляремия қоздырғышын бөліп алу, олардың патогенезін анықтау және туляремия қоздырғышын идентификациялау хаттамасын толтыру.
Зерттеу әдістері:аллергиялық әдіс, серологиялық әдіс, биологиялық әдіс, люминесцентті-микроскопиялық әдіс.
Зерттеу материалдары: бубон құрамы, көздің кілегей қабығынан бөлінетін бубон құрамы (бубон формалы көз), қақырық (өкпелік), нәжіс, қан (генерализденген), кеміргіштер, буынаяқтылар, азық-түлік тағамдары, су.
Іс-әрекет алгоритмі:
Материал жинауды және зерттеуді аса қатаң режимін сақтап, өткізіңіз;
Аллергиялық сынаманы өлі тулеремия клеткасын теріге және тері астына енгізу арқылы қойыңыз;
Аллергиялық сынаманы өлшеу 24-48 сағ. өткесін өткізіңіз (теріге – гиперемия диаметрі 1-2 см, тері астына 0,5 см кем емес);
Серологиялық реакция – тура емес агглютинация (титр 1:100 кем емес) биологиялық сынама, зерттелетін материалмен жануарларды жұқтырыңыз, олардан арнайы орта арқылы культурасын бөліңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |