«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет63/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5-тапсырма. Сәйкестендіру


Атауы

  1. Сібір жарасы

  2. Оба

  3. Туляремия

  4. Тырысқақ

  5. Бруцеллез



Қоздырғышы

  1. Br. Melitensis

  2. Bacillus anthracis

  3. Yersinia pestis

  4. Francisella tularensis

  5. Vibrio cholera



Инкубациялық кезеңі

  1. 3-7 күн

  2. 1-3 апта

  3. 2-3 - 14 күн

  4. 2-3 күн

  5. 1-6 күн



Жауаптар эталоны


1

B

III

2

C

IV

3

D

I

4

E

V

5

A

II

6-тапсырма. «Ия немесе жоқ»
1.Оба қоздырғышы - факультативті анаэроб, психрофил: ең қолайлы өсу температурасы 28градус

  1. ия

  2. жоқ

2.Сібір жарасының жасырын кезеңі 2-3күн күнге созылады

  1. ия

  2. жоқ

3. 1886ж оба қоздырғышын алғаш рет ашқан Д.Брюс

  1. ия

  2. жоқ

4. Түйнеме зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбунаул тәрізді зақымдалуынан, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі

  1. ия

  2. жоқ

5.Оба ауруының қоздырғышы – түрлі кеміргіштер, оның ішінде ең көп тарағаны үлкен және кіші құмтышқандары болып есептеледі

  1. ия

  2. жоқ

6.Бруцеллезде этиотропты ем қолданылмайды

  1. ия

  2. жоқ

7.Тулеремия оба ауруының «бұршақ» түрінің ұқсас болады, бірақ өзінің жеке қоздырғышы бар , бөлек ауру

  1. ия

  2. жоқ

8.Тырысқақ ауруы кезінде дене температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді

  1. ия

  2. жоқ

9.Тырысқақ адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады

  1. ия

  2. жоқ

10.Сібір жарасы бактериясы капсула түзетін грам теріс таяқша, сыртқы ортада спора түзеді, экзотоксин және эндотоксин өндіреді

  1. ия

  2. жоқ


Жауаптар эталоны:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ия

жоқ

Жоқ

ия

Ия

Жоқ

ия

ия

ия

жоқ



7-тапсырма. Графологиялық диктант
1)Аса қауіпті инфекциялық аурулар ___________ топқа жіктеледі
2)__________ тұқымына 6 түр кіреді
3)__________ өкпелік,ішектік,тері-бубондық,септикалық түрлері болады
4)Оба таяқшасы бүргелерде________ дейін тіршілік етеді
5)Үй жануарлары арасында __________қой,шошқа,ірі қара мал сезімтал
6)Туляремия ауруының инкубациялық кезеңі
7) __________ инфекциясының дамуы 5 фазадан өтеді
8)1817 жылы __________ эпидемиясы алғашқы рет Үндістан шекарасынан шықты
9) Обаға қарсы ерітілген вакцина _______ минут қайнатылады
10) Туляремия __________ :гентамицин,нетилмицин,левомицин қолданылады
11)Туляремия қоздырғышының токсиндері қанға еніп,лимфа түйіндерінің зақымдануларын тудырады_______________
12)Туляремия қоздырғышы __________ түйіндерін зақымдайды
13) Қазақстанның __________ жерінде обаның табиғи ошақтары орналасқан
14) Оба қоздырғышы патологиялық материалда _________өмір сүреді
15)Оба қоздырғышының ауа-тамшылы жолмен таралғанда_________ түрі дамиды
Жауаптар эталоны
1 .5 топқа
2. Brucella
3. Оба
4. 1 жыл
5. Туляремия
6. 3-7 күн
7. Бруцеллез
8. Тырысқақ
9. 30 минут
10.Емдеу принциптері
11. Бубондар түзілу
12.Лимфа
13. 38%
14. 10 тәулікке
15.Өкпелік


8- тапсырма . Мына есептерді шығарыңыз.
ЕСЕП №1
Дәрігерге науқас қызба, тершендік, бас ауру, бұлшықет ауруына шағымданған. Науқас мал фермасында жұмыс жасап, қайнамаған сүт, ірімшік және басқа да сүтті тағамдарды тамаққа пайдаланған. Алдын ала сарып деген диагноз қойылды.
Сұрақтар:
1.Ауруды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
2.Сарыпты зерттеу әдістерінің принципі қандай?
3.Сарыптың арнайы алдын алуы.
ЕСЕП №2
Жұқпалы ауруханаға Б.42 жастағы сібір жарасының терілік түрі диагнозымен науқас түсті.Үш күн бұрын ол екі қойды сойған. Қойлардың терісі үйде сақталды.
Сұрақтар:
1.Қандай материалды зерттеуге алады?
2.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай серологиялық реакция қою керек? Реакцияның принципін неде?
3.Реакцияның нәтижесін жүргізіңіз.

ЕСЕП №3
Жұқпалы ауруханаға Г. 33 жастағы ауыр интоксикациямен, 39 С дене қызуымен, лимфаденитпен науқас түсті. Алдын ала диагнозы: Оба.


Сұрақтар:
1.Зерттеуге қандай материал алынады?
2.Бұл диагнозды дәлелдеу үшін қандай микробиологиялық зерттеу әдістерін қолданады?
3.Қандай зертханаларда обаға зерттеу жасалынады?

ЕСЕП №4
Аңшыда бір аптадан кейін 39 С дейін дене қызуы көтеріліп, басы және бұлшықеті ауырып, бездерінің ісуі байқалған.


Сұрақтар:
1.Қандай микроорганизмдер ауру тудырады?
2.Ауруды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізеді?
3.Дені сау адамдардың жұғу қауіпі қандай?

Бақылаушы блок
Тест сұрақтары
I нұсқа

1.Обада қолданылатын жедел диагностика әдісі:


а) ИФР
b) антиденелер
c) Бюрне сынамасы
d) Асколи реакциясы
e) биохимиялық әдістер

2. Қандай тағамдармен бруцелез (сарып) жұғу қаупі бар:


а) су
b) сүт
c) құс тағамдары
d) жеміс - жидектер
e) балық тағамдары

3. Обада дамитын иммунитет:


а) белсенді
b) пассивті
c) стерильді емес
d) инфекциядан кейінгі
e) ұзаққа созылмайтын, қайта ауыратын

4. Оба бактерияларының таза дақылын бөліп алу үшін қолданады:


a) Гисс ортасы
b) қанды агарға себу
c) Эндо ортасына себу
d) қарапайым орталарға себу
e) сарыуызды- тұзды агарға себу.

5.Бруцеллалардың морфологиясы:


а) спора- капсула - талшық – гр-
b) спора + капсула + талшық + гр-
c) спора+ капсула + талшық+ гр+
d) спора – капсула – талшық- гр+
е) спора + капсула + талшық – гр-

6.Бруцеллардың қоректік ортада өсу мерзімі:


а) 2-3 апта
b) 5-4 ай
c) 12 күн
d) 9 ай
е) 1 апта

7. Бруцелла микробы сүт тағамында қанша уақыт сақталады:


а) 40-45 күн
b) 50кун
c) 20 күн
d) 60 күн
е) 1 ай

8. Бруцелланың инфекция көзі:


а) ауру мал
b) ауру адам
c) тағам
d) қоршаған орта
е) микроб тасымалдаушы

9. Сарыппен ауырған кездегі инкубациялық кезең


а) 1-3 апта
b) 1-5 апта
c) 5 ай
d) 1ай
е) 4 ай

10.Негізгі топтастыру категориясы бұл:


a) туыс
b) тұқымдас
c) түрі
d) тобы
e) реті

11.Бруцелез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым:


a) М.Афанасьев
b) Р.Пфейффер
c) Д.Брюс
d) М.Колеман
e) Д.Шлефстейн

12.Бруцелла қоздырғышының морфологиясы:


а) ұсақ,грамм теріс,сопақша пішінді таяқшалар
b) ірі,грамм теріс,таяқша пішінді
c) ұсақ,грамм оң,домалақ пішінді таяқшалар
d) ірі,грамм оң,сопақша пішінді таяқшалар
e) грамм оң,таяқша пішінді

13.Обаның латынша атауы:


a) Vibrio cholerae
b) brucella
c) Bacillus
d) Pestis
e) Chlamydia

14.Оба қоздырғышының моорфологиясы:


a) полиморфты,грамм оң,талшықты,спора түзбейді,ірі,сопақша пішінді
b) полиморфты,грамм теріс,талшықты,спора түзбейді,ірі
c) полиморфты,грамм оң,талшықты, капсула түзбейді,спорпа түзеді
d) полиморфты,грамм оң,талшықсыз,спора түзеді,ұсақ,сопақша пішінді
e) полиморфты,грамм теріс,талшықсыз,спора түзбейді,ұсақ,сопақша пішінді

15.Оба қоздырғышы тығыз қоректік орталарда қандай колониялар түзеді:


а) ұсақ, аспан көк түсті
b) түйіршіктеніп
c) R және S-пішінді
d) K және S-пішінді
е) ірі, сары түсті

II нұсқа

1. Торша қабырғасын анықтайтын әдіс
а) Нейссер
b) Грам
c) Ожешко
d) Бурри-Гинс
е) Романовский-Гимзе

2. Бруцелланың инфекция көзі:


а) ауру мал
b) ауру адам
c) тағам
d) қоршаған орта
е) микроб тасымалдаушы

3. Антибиотикке сезімталдықты анықтайтын әдіс


а) Грациа бойынша титрлеу
b) қағаз дискі әдісі+
c) Аппельман бойынша титрлеу
d) фертильділік факторы
е) тышқанға биопроба

4.Иммерсионды микроскопта қараудың ережелері:


a) конденсорды түсіріп,объективті 40 қою
b) жанынан жарықты жақсы түсіріп және объективті 90 қою
c) фазалы-контрасты құралды қолдану
d) 90 объективі мен май қолдану+
e) 40 объективі мен май қолдану

5.Обада қолданылатын жедел диагностика әдісі:


а) ИФР
b) антиденелер
c) Бюрне сынамасы
d) Асколи реакциясы
e) биохимиялық әдістер

6. Қандай тағамдармен бруцелез (сарып) жұғу қаупі бар:


а) су
b) сүт
c) құс тағамдары
d) жеміс - жидектер
e) балық тағамдары
7. Обада дамитын иммунитет:
а) белсенді
b) пассивті
c) стерильді емес
d) инфекциядан кейінгі
e) ұзаққа созылмайтын, қайта ауыратын

8. Оба бактерияларының таза дақылын бөліп алу үшін қолданады:


a) Гисс ортасы
b) қанды агарға себу
c) Эндо ортасына себу
d) қарапайым орталарға себу
e) сарыуызды- тұзды агарға себу.

9.Обаның элективті ортасы:


a) казеин ортасы
b) Эндо
c) ЕПА
d) ЕПС
e) СТА

10. Оба ауруының кіру қақпасы:


a) тері
b) тыныс жолдарының шырышты қабықшасы
c) ауыз қуысының шырышты қабықшасы
d) зақымданған тері
e) тері және тыныс жолдарының шырышты қабықшасы

11.Ылғалды топырақта туляремия қоздырғышы сақталады:


a) 2 ай
b) 4-5 ай
c) 2-3 ай
d) 1-2 апта
e) 150 күн

12.Туляремияның негізгі таралу жолы:


a) трансмиссивті
b) ауа-шаң арқылы
c) тағам арқылы
d) тұрмыстық-қатынас
e) ауа-тамшы арқылы

13.Тығыз қоректік ортада ұсақ,дөңес,ақ, жылтыр, шеті тиегіс, көлемі 1-3 мм колониялар түзеді:


a) оба бактериясы
b) сарып қоздырғыштары
c) псевдотуберкулез қоздырғышы
d) туляремия қоздырғышы
e) тырысқақ қоздырғышы

14.Туляремия қоздырғышын ең алғаш тапқан кім


a) Пастер
b) Кох
c) Мечников
d) Левенгук
e) Мак-Кой және Чепин

15.Оба бактериясының негізгі тасымалдаушылары:


a) тышқандар, ақ,қара егеуқұйрықтар
b) үй жануарлары
c) түлкі, түйе
d) науқас адам
e) теңіз шошқа




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет