«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет102/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КТ.ІІ.7: 33) “Türük bodun adaq qamšatdy”. Сөйлемді В.Томсен “Le peuple ture 
tombait de tatigue et se demoralisait” – “түркі халқы шаршағандықтан, аяғында көңіл-
сізденген еді”, – деп аударған (249.112). Ал С.Е.Малов: “Тюркский народ дал ослабеть 
(своим) ногам и был готов оробеть” (97.42) – деп аударған.
“Adaq” – аяқ, аяғында, соңында деген мағына береді. “Qamšatdy“ – қарсылық, қар-
сыласу. Сондықтан біз “Түркі халқы соңында [күшті] қарсылыққа тап болды”, – деп 
аудардық. 
KT.II.9: 34) “Ögsiz” – анасыз, енесіз. ög – ана (Ths.II
93
. II
53
; TT. VІ
63
; KP.11
5
; Maн. 
I. 13
17
; ДТС.378). ögsiz – жетім. 
KT.II.13: 35) “Baryq” – шіркеу (храм). В.Томсен – “editice” (здание) (249.114), 
В.В.Радлов – “здание [надгробие]” (112.37), С.Е.Малов – “здание [т.е.храм?]” (97.43), 
А.Н.Кононов – “жилище” (71.130), С.Г.Кляшторный – “храм” (64.238–255). Бұл сөз-
дің екі мағынасы бар: a) baryq – храм, өлген кісінің басына қойылған белгі, кесене; 
б) baryq – қорғаныс дуалы (қараңыз: 120. 130–131). Күлтегін, Білге қаған киелі орын-
дарына қазба жұмысы жүргізілген кезде барықтың (храм) орны анықталып, план 
суреті сызылған. Барық (храм) қабырғалары қос қабат болған. Күлтегін барқынның 
сыртқы қабырғасы 10,4 х 10,8 м, ішкі қабырғасы 7,55 х 5,7 м, қабырға қалыңдығы 65 
см болған. Толық мəліметті сипаттамаларында көрсеттік (127. 148–154). 
36) “bediz” – бедер. В.Томсен (249.114), Х.Н.Орхун (232.28), В.В.Радлов (112.37) 
“украшение”, “bedizti – украшать, наряжать” деп аударған. Түпнұсқа мəтінге жүгі-
нелік: “baryq itgüči, bediz jaratyγma bitig tas itgüči” – барық (храм) тұрғызушы, Бедіз 
жаратушыма, Бітіг тас (ұстын) ұрғызушы . . . . (KT.II.3) – делінген.
Жарату – қолдан жасап шығару деген мағына береді. Оны қалай жасатқанын “bediz 
urturtum – bediz тұрғыздым” (КТ.ІІ.13) – дейді. Түпнұсқа мəтініндегі осы логикаға 
сүйене отырып “bediz” сөзін “бедер” деп аудардық. Тасты қашап ою-өрнек салу мүсін 
қашау сияқты етістікті “bedizti” деп берген.
37) “bitigtaš – жазу тас-ұстын”. 
38) “čyqan” – жиен (MK.I.402). 
39) “joγ” – жетісін, қырқын, жылдығын белгілеп өткізіп ас беру жосыны (MK.
II.143). Мəтінде “Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] он жетісі күні дүниеден 
өтті. Тоғызыншы айдың жиырма жетісі күні жосын жасаттық”, – дейді. Ол замандағы 
түркілердің түсінігі бойынша адамды мүлдем жерге көмбейді. Оның жаны ұшып 
кетеді (učdy), тəні (денесі) қоңыр жерде = (jaγyz jer) қалады. Сондықтан “Ұрпағы, 
халқы келіп, аруағына сыйынатын орын – барқын (храм), аңырын (мүсінін), бітіг 
тасын (ұстынын) келесі мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісі күні “парықтап 
алқадық” деп сыпайы жазады. “Аяқтадық” деп отырған жоқ, аруаққа алқадық 
(alqadymyz) деп жазады. Ал “joγa” деп тəу ету кешенін атаған.
40) а) “teηri teg teηride bolmys” – Тəңір текті Тəңірден болған (КТ.IV.1); “teηri teg 
teηride jaratmyš” – Тəңір текті, Тəңір жаратқан (БК.І.1) деген сөйлемдерді В.Томсен – 
“(Moi) quiressemble au ciel, … venu duciel” (250.114), В.В.Радлов – “Подобный Небу 
(как-бы) из существа Неба (Бога) выделившийся” (112.37), С.Е.Малов “Неподобный, 
неборожденный (97.33)” – деп, қай-қайсысы да “teηri teg” тіркесін “Тəңір іспетті” 
деп Білге қағанды Тəңірге теңеген. Əңгіме Күлтегінді аспанға теңеуде болып 
отырған жоқ. Əңгіме Күлтегіннің Тəңір текті, тəңір жаратқандығында болып отыр. 
Осы этнопсихологияны еске ала отырып, біз “Тəңір текті, тəңірден жаратылған” деп 
аудардық.
б) Орта жəне Орталық (кіндік) Азия көшпелілерінде хан тұқымын нұрдан жара-
тылған деп уағыздау байырғы замандардан қалған. Рашид-ад-Диннің “Жамиғ ат-
тауарих”, Моңғолдың “Құпия шежіресін”, Абул-ғазы Баһадурдің “Түркімен шежі-
ресін” қараңыз. “Нұр”-ды тəңір жібереді. Ата-Мəлік Жувейниде Тəңір жіберген 
нұрдан, адамды былай қойып, Жер-ана екіқабат болған (13.84–95). Осы ұғым көк 
түріктерде “Тəңірден болған”, “Тəңір жаратқан” делінген.
41) “Bu ödke” – бұл заманда, бұл уақытта. В.Томсен, В.В.Радловтар дұрыс аудар-
ған. Соңғы кезде кейбір зерттеушілер ”bü öd“ тіркесін “ böd” (БК.І.1.2) атауымен 
шатастырып жүр.
42) 
“eb irki” деп транскрипцияладық. В.Томсен “birіki uγyšym” деп 
транскрипция жасап, “…tous ensemble, membres de me roce” (бүкіл тайпа мүшесі) 
(249.114), В.В.Радлов “birki uγyšym” деп транскрипциялап, “мои вассалы” (112. 
37), С.Е.Малов “birki oγyšym” деп оқып, “Союзные мои племена” (97.33) деп 
аударған. “birki = onsemble” деп В.Томсен біріккен, ынтымақтасқан, жиналған деген 
мағынаны түсінген. Ал В.В.Радлов “birki” деп, оқыған сөзін аудармай тастап кеткен, 
С.Е.Малов В.Томсеннің аудармасын қабылдай отырып, ауыспалы мағынада “одақ 
”деп аударған.
Бұлардың қай-қайсысы да дұрыс транскрипция жасай алмаған. Біз “eb irki oγyšym”
деп алғашқы “birki” сөзін екі сөз ретінде танып отырмыз. eb – курень, irki – жиналған 
(MK.I.238,254). Олай болса, “ебке жиналған иеліктерім”, “Ебтегі (куреньдегі) иелік-


 454
455
терім” болып аударылады. Ол заманда түркінің Білге қағанында қанша еб (курень) бар 
екені бізге беймəлім. Шыңғысханның өзінің ордасының маңында 13 курень болған. 
Бұл арада Білге қаған да сөзін ондаған еб = куреньдегі халқына арнап тұр. Oγyšym= 
иелік (вассал) екенін В.В.Радлов бірден дұрыс аударған. Oq = oγyšym = иелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет