«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет104/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

KT.IV.5: 45) «üjür». В.Томсен: «üрür» деп оқып, «ne le renvoyaient(?)pas» (249.116) 
деп транскрипцияласа, В.В.Радлов: «öjür» (112.38) деп оқып, «знакомилось» (танысқан) 
деп аударған. Түпнұсқада: 
üjük, -üjük, – үйілу, байлану, жалғану (MK.I.71; 72= 
MK. Ташкент аудармасында – байлану, қадалып кіру, қосылу (MK.I.266.225). Қазіргі 
қыпшақ тілі тобында – «үйір». Біз мəтін логикасына ең жақын «үйір» – жақындасу, еті 
үйрену деген мағынасымен алдық.
KT.IV.6: 46) 
сөзін В.Томсен «bisukiηe» деп оқып, «. .de sa race et de son 
people» (249.116) деп аударса, В.В.Радлов аудармай кеткен.
Байырғы түркі сөздігін жасаушылар: «Родственники(?)» деп аударып, ол сөз 
ираннан енген дейді. (ДТС.103). Күлтегін мəтініндегі сөйлемнің логикасына, ондағы 
сөзжасам (лексика) тəсіліне сүйене отырып, қыпшақ тілі тобының beüuk (бесік) сөзі 
екеніне көз жеткіздік.
bečük – бесік. «bir kisi jaηylsar oγušy boduny bеsükiηe tegi qytmyz» деген сөйлемді 
«Бір адам (көсем, ел басшысы) жаңылса (қателессе), бесігіңе дейін (ұрпағына, оның 
ұрпағының ұрпағына дейін) зардап шегеді», – деп аудардық. 
47) а) «Üleskiη». В.Томсен «üleskiη» деп оқып, «бөлу, бөлік, үлес» деп аударған. 
(249.38). В.В.Радлов «ölüskiη» деп оқып, аудармай кеткен. (112.39). С.Е.Малов 
«üleskiη» деп оқып, мүлдем теріс аударған (97.34). üles~«ülüs (MK.I.62); üles~ülük 
(МК.І.62–18); ülüs~ülüg (МК.І.62–19; 72–18), бөлу, бөлісу, үлес. Олай болса «Türük
bodun üleskiη birije čyγaj jyš, Tögülten Jazy – Түркі халқы, үлесің [болған] Чүғай-
жынысының оң жағы Төгүлден бергі жазық (даласы)» деп аударылады.
б) «Tögül» – жер аты. Tögil – төгілу, құлау (қаз.). Tögül – самсаған орманның 
шетіндегі жас өскіндер. Бұл арада жер атауы ретінде қолданған.
в) Сарыөзеннің екі жағындағы қолтықты (Сарыөзеннің мүйістеніп келетін қол-
тығының шығыс жағы. Өзеннің шығыс жағындағы Баодэ Хэңюи, Ляньгуань, Циньшуй, 
Оңтүстік бет жағындағы Фугу, Цзясянь маңы) түркілер «Чуғай-құз жынысы» деп 
атаған. Табиғаты ғажайып, жердің жаннаты. Бұл жер үшін сонау Хунну заманынан 
бері қытайлар мен түркілер б.з. 702–710 жылдарға дейін мың жыл бойы шайқасып, 
таласып келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет