«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет101/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КТ.ІІ.4: 30) “Teηri Jir bulγqyn üšün jaγy bolty” сөйлемін В.Томсен: “Comme il y 
aviat bouleversement qu ciel et terre ils devinrent (nos) ennemis” (249.112) = көк пен жер 
арпалысқандықтан (бізге) жау болды, – деп оқыды. С.Е.Малов: “...так как небо и земля 
пришли в смятение, он стал нам врагом” (97.42) – деп оқыды. Сөзбе-сөз аударғанда 
бұл екі зерттеушіге айтар уəж жоқ. Егер байырғы түркі дүниетанымынан қарайтын 
болсақ, бұл аудармадан ештеңе түсінбейміз. Неге көк пен жер толқып бүліншілік 
жасайды. Олар неге арпалысады? Бұл арада – “teηri” – жай ғана көк аспан, “Jer” – 
қарапайым қара жер болып аударылған. Тіпті де олай емес. Мұндағы “Teηri” дүниені 
жаратушы, құдіреті күшті бір Тəңір – бір ғана құдай. Ал жер – Ұмай Ана. Міне, осы 
тұрғыдан алып қарасақ, дұрысы “Тəңір мен Жер киесіне ұшырағандығы үшін (бізге) 
жау болды”.
31) “Toγu -balyq” – “Toγu[1]-balyq” – Тоғул қаласы (КТ.ІІ.3). Моңғолия Республи-
касының астанасы Улан-батыр қаласының батыс жақ шетінде Сонгин деп аталатын 
шатқалдың батыс жағындағы шыға беріс алаңқайда Тоғул кентінің орны бүгінге дейін 
сақталған. Біріккен Түркі қағанаты құлағаннан кейін (б.з.744 ж.) Моңғол империясы 
құрылғанға дейін бұл Тоғул кентінде керейіттердің кіші хан ордасы орналасқан 
(114.127). Мұсылман жылнамаларында Керейітханның Тоғул бойындағы кіші ордасы 
Харауын-жидун (114.І.127), Шығыс нерратив деректерінде (МҚШ. §104,164) «Торғул-
ун хартун» деп белгіленген. Бұнда ХІІІ ғасырда Оң-ханның кіші ордасы болған. 
Шыңғыс хан керейіттерді талқандағаннан кейін Хан ордасын осы Тоғул кентіне 
көшіріп алып келген. Содан бастап Тоғул кентінде моңғолдар мекен ете бастады.
КТ.ІІ.6: 32) “Igire” (KT.II.6). В.Томсен – “бетпе-бет” (249.112), С.Е.Малов “прес ле-
довать, окружить?” (97.42,363), – деп аударады. Біздіңше, мұның екеуі де қате. “Іgire” 
сөзінің бүгінгі түркі тілдеріндегі қолданысын табу қиын емес. Екі -і- фонемінің 
ортасындағы -ғ- фонемі түсіп қалып, қазіргі қазақ тілінде “иіре” деген етістік түрінде 
қолданылып жүр. Бұл тіркестегі “igire toqydym – иіре жауладық” (қоршап алып) деп 
аударылады. “Иіру” – қоршап алу деген мағына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет