«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет99/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КТ.І.33: 21) «Kedimlig» (КТ.І.33) сөзін В.Томсен «En troisieme lieu monta Kedimlig» 
(249. 109) – торы аттың есімі деп оқыса, В.В.Радлов, С.Е.Маловтар «оседланного 
гнедового коня» (97.40) (ерттеулі торы ат) деп оқыған. Бұл сөз қазіргі қазақ тілінде 
«кежім» деген мағынада сақталған. Байырғы түркі тілінің -d- фонемі қазақ тілінің 
-ж(j)- фонемімен тарихи алмасымға түскен.
КТ.І:34: 22) «Jer-bajyrquu» (КТ.І.34: ІІ.4) – географиялық атау. Оңтүстік шығы сы 
Иньшань жотасынан батыс солтүстікте Аққу көліне (Гусиное озеро) дейінгі созыл-
ған үлкен аймақты алып жатқан Байырқу конфедерациясының (КТ.І.35,36) жері. 
Шамамен алғанда 105°–111° бойлық, 42°–51° ендікте орналасқан. ҮІІІ ғасырдың
басында Байырқу деп атай отырып, ішінен тоғыз-оғыз, сегіз-оғыз деп бөліп атаған. 
Иер-байырқу аймағындағы Байырқу конфедерациясы 17 ірі тайпадан құралған 
(Теркін. 10) Біріккен Түркі қағанаты орнаған соң, Тур-айын қаған 749–750 жылдары 
қағанаттың құрылымын жаңадан жасағанда, 17 Аз-байырқуларды екі бөліп екі 
қанатқа орналастырған. Тоғыз тайпадан тұратын тоғыз-оғыздарды төлес-қанатқа
сегіз тайпадан тұратын сегіз оғыздарды тардуш қанатқа енгізген. Кейін тоғыз-оғыздар 
«керейіт» атанып кетсе, сегіз-оғыздар «сегіздер» немесе «найман» атанып кетті.
КТ.І.35: 23) “Toγa” (КТ.35) сөзін бұған дейінгі зерттеушілер тастап кеткен. “Toγa” – 
доға, доға жасап өту, айналып өту деген мағынаны білдіреді. Бұл – байырғы əскери əдіс.
24) “Uda” – сөзін В.В.Радловтан бастап С.Е.Маловқа дейінгі ғалымдар “ұйқыда 
жатқанда” деп аударған (97.41). Біздіңше, дұрыс емес. Мұндағы “uda” сөзі “ұтылай 
қуып” (өкшелей қуып) деген мағына білдіреді.
КТ.І.36: 25) “Oplaju tegdi” (KT.I.36). Байырғы түркі лексикасындағы “Oplaju” сөзін 
ғалымдар дұрыс түсінбей, сөйлемнің жалпы мағынасымен аударып келген. Қараңыз: 
С.Е.Маловта “бросился в атаку” (97.41). Oplaji – опыра. “Oplaju tegdi – опыра-жапыра 
шабуылдады” деп аударылуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет