«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет107/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

KT.IV.14. 52) а) Күлтегін қайтыс болған соң оның алтыны, күмісі, ақығы (асыл 
тас, қазына), дүние-мүлкі, төрт мың жылқысы, қарасы (сиыр, түйе) түгелдей халқына 
таратылып берілген. Қазақ халқы қартайып өлген адамның киімін туған-туысына 
таратып береді. Өлген адамның артынан жыртыс таратады. Осы жора-жосын сонау 
байырғы түркілерден бері жалғасқан. Байырғы түркілердің қора-қора қой, алтын, 
күміс, асыл қазына, жылқы, сиырын тарататын салт-дəстүрі мыңдаған жылдар бойы 
үзілмей сақталып, өзгере-өзгере қазақта соның жұрнағы ғана қалған.
Ал артында қалған Бегім, тегіндеріне «tеηrі-boluča – Тəңір болысады» деп 
түсіндірген (KT.IV.14) .
б) «Tujγut» tujγun=тұйғын. -t – көптік жалғауы. Алғашқы түркі қағанаты 
заманында сарбаздарды «böri – бөрі» деп атаса, Екінші түркі қағанаты заманында 
алғы шептегілерді «tujγun~tujγut» деп атаған. Тұйғын – шапшаң ұшатын құс. Осы 


 458
459
тұйғын құстың суреті Күлтегін тəжінің маңдайында, Көшө-Цайдам IV.V кешендерінің 
шарбақтастарына қашалып ойылған. (Қараңыз. Қосымша суреттер, Көшө-Цайдам. 
ІІІ.V).
KT.ІІІ.1–3; 54) «Ču kelürti». В.Томсен – «.. [uγ]örti» (249.121), В.В.Радлов –
«.. örti» деп транскрипция жасаған. Басқы бір сөзден кейінгі 4 əріп жақсы көрінбейді. 
Біз бұл əріптерді линз лупамен қарап отырып əрең дегенде көшірдік. Ču – қазіргі 
қазақ тіліндегі «шу». Мағынасы «шулау», «шуылдау». Олай болса жоғарыдағы тіркес 
«шу көтерілді» деп аударылмақ. Бітіг тасқа (ұстынға) неге «quurydan ču kelürti» – 
солтүстіктен шу көтерілді? – деп жазған. Солтүстік терістік бағыт – жамандық пен 
жайсыздықтың символы. Солтүстікті оңтүстік демей, терістік деп атауы содан. Мүмкін, 
əйелдердің терістік жақта отырып дауыс көтеріп, жоқтау айтатын салты ол заманда 
да болған болар. Бұл арада əңгіме жоқтау туралы болып тұр. Осы сөйлемді оқығанда 
көз алдыңызға үйдің немесе хан Ордасының сол жақ босағасында отырып даусын 
шығарып, жоқтау айтқан əйелдер елестейді. Осылайша жоқтау айту қазақ халқында 
бүгінге дейін кездеседі.
54) «[aj]tyγ [na]» сөзін В.Томсен: «anuq[.]qa» (249.121), В.В.Радлов: «jertе» (112.44) 
деп транскрипциялаған. Тас бетінде алғашқы бір əріп, одан соң үш əріп бар, одан соңғы 
екі əріп өшіп қалған. Біз бұл сөзді [aj]tyγ [na] – бұйрығымен деп оқыдық. «Bilige qaγan
[aj]tyγ [na] inim Kül-teginig küzedü oluryt[dy] – Білге қаған жарлығымен (айтуымен) 
інім Күлтегінге күзет қойылды» деп аудардық. Күзет жасағының басшысы Ынанчу-
апа, Ярган-тархан шені берілген. Міне, осы күзет 1260 жылдарға дейін сақталған.
«Күлтегін» жазба ескерткіші Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында 
(Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша дайындалып берілді.
Қ. Сартқожаұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет