«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет106/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

KT.IV.12: 49) Күлтегін мəтінінде 
деп кескіндеген сөзді бұған дейінгі 
зерттеушілер «tašyn» деп транскрипциялаған еді. Бұлайша транскрипция жасағанда 
«tаš» (тас) деген сөзді қайталайды. Əрі байырғы қыпшақ фонетикасына соншама дəл 
келмейтінін ескеріп, біз «tysyn» деп оқып, «тысын» деп аудардық
50) «Adynčyγ» – орта ғасырлық деректерде аdyn, аdynčyγ – басқаша, өзгеше 
(QBH.72
23
; Usp.108
12
; TT.III
68
; QBH.172
27
;) деген мағынаны білдірген. Күлтегін, Білге 
қаған мəтіндерінде осы сөзді В.В.Радлов, В.Томсен бояу, өңдеу деп аударған. Бұл 
арадағы мағынасы – «сурет». Өйткені Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ кешендеріндегі 
барықтың іші-сырты сыланып, үстіне суреті салынған. Іші-сыртына сурет салынғаны 
туралы қытай деректерінде де жазылған (22.І.277). Мұндағы Bediz – бедерлеу, bitig 
tas – ұстын, aηyr – мүсін екені жоғарыда айтылды. Ал adynčyγ=сурет. Adyn, adynčyγ 
сөзінің негізгі мағынасы «басқаша», «өзгеше», «ерекше». Бұл «сурет» сөзінің орнына 
қолданылған. Суретші қандай бір кескін, сурет салғанда ол заттың өзгеше, басқаша 
нұсқасын дайындайды. Ол заттың табиғи өзі емес, сондықтан түркілер «басқаша», 
«өзгеше» деп атаған. Осы сөз ерте орта ғасыр дəуірінде «сурет» деген сөздің орнына 
қолданылған.
KT.IV.13. 51) «Atysy». В.Томсен – «cousin» (жиен) (249.119), В.В.Радлов – «родст-
венник» (туысы) (112.41), С.Е.Малов «внук» (97.36) деп аударған. Түркі халықтарында 
балаларын ұстаз жалдап үйде оқыту дəстүрі болған. Сол салт-дəстүр бойынша баланың 
ұстазы оған «аталық» болады. Ал Кавказ халықтарында, соның ішінде кабардин
балқар, адыгей, черкестерде, бала туа салысымен (жоғары топтың адамдары) өзі 
іспеттес немесе өзінен бір саты төмен адамға беріп жіберіп асыратып, тəрбиелетіп 
алатын болған. Бала сол отбасында 7–12 жасқа дейін болып, тəрбиеленіп, сонан соң 
туған отбасына қайтарылатын болған. Міне, сол асырап, тəрбиелеп берген ата-анасы 
«аталық» делінген (67.41–42). Түркі халықтарының осы тарихи салт-санасын ескере 
отырып, байырғы түркі лексикасындағы «atysy» сөзін «аталық» деп аудардық. Өйткені 
Иоллығ-тегін – Күлтегіннің, Білге қағанның ұстазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет