ХУЛЮЙ ЖИН ЖƏНЕ ҰЛДАРЫ ГУАҢ, ШЯН
Хулюй Жинның жанама аты – Алюдүн, Шожоудағы Теглек
ұлысынан... Кейінірек нөнелер түріктер тарапынан талқандалды
да, ұлысы тоз-тоз болды. Олардың шекараға шапқыншылық жасап,
шекарадағы халықты арандатуынан алаңдаған патша Хулюй Жинды
20 мың атты əскермен Ақбелдеуге бекініп, жаудан қорғануға бұйырды.
Осы кезде лулардың ағаманы Дуботу үш мыңдай отбасымен батысқа
беттеп бара жатқаны жөнінде кежеуілдерден хабар келді. Хулюй
Жин əскерімен оларға шабуылдап, оларды түгелге жуық тұтқын
етті. Нөне Дəнбо бүкіл қауымымен батысқа ауды. Хулюй Жин оның
кежеуілін тұтқындап, астанаға жіберді əрі луларды шабуылмен алуға
болатындығын айтып датнама енгізді. Шянзу патша əскерімен келіп,
Хулюй Жинмен ұштаса отырып Тулəй шабуыл жасап, 20 мыңға тарта
түтінді тұтқынға алып кері оралды.
Хулюй Шянның жанама аты – Фыңлы...
Хычиңның 3 жылы (564) мойшақты ұлық болып тағайындалып,
Южоу, Əнжоу, Пиңжоу, Нəнжоу, Беййың, Дұңян секілді алты дуанның
алайбасыларына тұтық, Южоуға дуанбасы болып тағайындалды.
Сол жылы күзде түріктерден 100 мыңға тарта адам дуан шекарасына
арандатушылық жасады. Хуляй Шян сардарларын оларға қарсы қойды.
Түріктер қосынымыздың түземінің реттілігінен айбынып, соғысудан
қорықты. Сөйтіп, олар елші салып, кешірім өтінді... Тянтұңның алғаш-
қы жылы (565) жаз мамырда Түрік Мұқан тарту-таралғымен елші
салды. Хулюй Шян бұл істен сарайға датнама жазды. Осыдан кейін
олар жыл сайын таралғы тартып тұрды. Бұған Хуляй Шяңның еңбегі
сіңді.
ЛЮ ШЫЧИҢ
Дəй жерінен шыққан Лю Шычиңның арғы атасы Ба деген кісі еді.
Ол уейлықтардың Янжоу дуанына дуанбасы болған екен. Əкесі Уей
деген адам алтын таңба-күлгін шашақты санаткер абыз болыпты. Ал
Лю Шычиңның өзі упиңның соңғы жылдарында жандар нөкер, ордагер
санаттас үштік болды. Оның міндет құқы, қадір-қымбаты Шяучиңнен
бір де кем емес еді. Лю Шычиң мінезді де байсалды, іске аса ұқыпты
болғандықтан, Шяучиңнен де жоғары тұрушы еді. Оның үстіне ол Төрт
рейдің тіліне жүйріктігі жағынан өз заманының маңдайға басары еді.
Хоужу патша Лю Шычиңге «Нирвананы» түрікшеге аударуды, аударып
шықан соң оны Түрік қағанына табыс етуді міндеттеді. Сондай-ақ ішкі
жанауыл Ли Дылинге аудармаға алғы сөз жазуды тапсырды. Лю Шычиң
Сүй (Уынди заманы) кəйхуаңның орта шенінде ордагер жəне дегдар
тоқсауылдарының шығауыл сеңүні болып міндет атқарып жүрген
кезінде дүние салды.
66
67
ÆÎÓÍÀÌÀ
68
69
Достарыңызбен бөлісу: |