МИҢДИ ПАТША
(2 жылы, 558 ж.) 2 желтоқсанда түріктер елші салып, жергілікті
өнімдерінен таралғы тартты.
(Учыңның 2 жылы, 560 ж.) 10 наурызда Чұңяңгы сарайы салынып
бітті, Фаңюанлиң шахналық рабатында патша уəзір-санаттарды,
сардар-абыздарды жəне түрік елшісін қабылдады. Оларға жіктеріне
қарай алтын, торғын-торқа тарту етті.
УДИ ПАТША
(Баудиңның алғашқы жылы, 561 ж.) 13 қаңтарда түріктер жергілікті
өнімдерінен таралғы тартып, елші салды.
19 ақпанда Түрік, Даңчаң елдері жергілікті өнімдерінен таралғы
тартып, елші салды.
23 мамырда Түрік, Күсəн елдері жергілікті өнімдерінен таралғы
тартып, елші салды.
(Баудиңның 3 жылы, 563 ж.) 27 қыркүйекте баған Яң Жұң жарлық
бойынша бір түмен атты əскерімен түрік қолына сəйкесе отырып, Чи
еліне шабуылдады.
(Баудиңның 4 жылы, 564 ж.) 10 мамырда түріктер жергілікті
өнімдерінен таралғы тартып, елші салды.
Бірінші тамызда күн тұтылды. Жарлық бойынша түрік əскерлерімен
бірге шығысқа жорық жасаған баған Яң Жұң Бейхы деген жерге
барғанда кері оралды.
(Баудиңның 5 жылы, 565 ж.) 8 ақпанда Чын ел-сұлтаны Юйуын Чұн
баған, Шұй ел-сұлтаны Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И, Нəн-əн
сұлтаны Яң Жяндар жарлық бойынша түрік ханшасын алып қайтуға
барды.
(Тянхының 2 жылы, 567 ж.) 2 мамырда Түрік, Тұйғұн, Парфия елдері
жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды.
(Тянхының 3 жылы, 568 ж.) 8 наурызда Ашына патшайым Түріктен
ұзатылып келді.
(Тянхының 4 жылы, 569 ж.) күз 30 шілдеде түріктер елші аттанды-
рып, тартуға жылқы айдатты.
(Жяндының алғашы жылы) бірінші ақпанда тайсеңүн,Чаңчың
сұлтаны Юйуын Шын Түрікке елші болып барды.
(Жяндының 3 жылы, 574 ж.) басқы айдың 9 күні түріктер елші
аттандырып, тартуға жылқы айдатты.
УДИ ПАТША (2)
(Жяндының 6 жылы, 577 ж.) 3 ақпанда əрбір алайдың сіңірген
еңбектері талқыланды, Чи елінің Тəйжидян сарайында қонақасы бері-
ліп, Жюншыдан жоғары лауазым иелеріне жіктеріне қарай тарту-тарал-
ғылар үлестірілді. 4 ақпанда Чи əміршісі келді. Патша қонаққа келген
əміршілерге жасалатын құрметпен баспалдақтан түсе қарсы алды.
Жижоудағы Гау Же əскерімен тұрғандықтан, бағынбады. Аға баған, Чи
ханы Шюан мен баған, Сүй сұлтаны Яң Жяндарға əскер бастап барып
жаныштау жөнінде жарлық түсті. Чи əулетінің Диңжоу дуанбасы,
Фəняң ханы Гау Шау-и түріктерге қашып барып паналады. Үи əулетінің
барлық Шинтəй, дуан, бекіністері түгелдей тізе бүкті. Гуандұң өңірі
тыныштандырылды. 55 дуан, 162 аймақ, 385 ауданы 3 миллион 302 мың
528 түтіні жəне 20 миллион 6866 адамымен берілді.
(Шюанжыңның алғашқы жылы) 5 наурызда түріктер елші жіберіп,
жергілікті өнімдерінен таралғы тартты.
Жаз сəуірдің 15 күні ата-аналары қайтыс болғандарға (3 жылға) аза
мерзімін өтеуге болады деп жарлық түсті. 23 күні түріктер Южоуға
шапқыншылық жасап, ұлықтар мен бұқараны өлтірді жəне айдап
əкетті.
Достарыңызбен бөлісу: |