74
75
тымен Жиң, Шяң, Ши, Йың секілді 52 дуан
мен Жяңлиң бекініс-
жайындағы қорғаныс армиясына – алайбасы, Жиңжоуға дуанбасы
болып тағайындалды... Шы Ниң баудиңның 3 жылы (563) Жиңжоуда
дүниеден көшті, марқұм болғаннан кейінгі аты Жалын болып бекітілді,
лауазымына ұлы Шы Шюң мұрагерлік етті.
Хыро Дүн – Дəй жерінен, əкесі Хыро Тұң Шығыс Уей əулетінің
Йыңжоу дуанына зұрған болған.
(Хыро Дүн) Баудиңның 2 жылы (562) құрылыс бөліміне ақылгөй
абыз болып тағайындалды. Сонан көп өтпей Жинжоуға – төбенай, 7
дуанға алайбасы болып ауысты. 3 жылы (563) баған Яң Жұңға еріп түрік
əскерлерімен бірге Чи елінің Ұлы Қорғанын талқандады да, Биңжоудан
кері қайтты, Хыро Дүн шығдауыл болды. Оның бір ұлына Шұн-идың
кіші сұлтаны деген лауазым беріліп, иелігіне 1000 түтін бөлінді. 5 жылы
(565) Жоңжоуға
дуанбасы болып тағайындалып, Хəнгу қамалын
қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: