480
481
қолтаңбасымен сақталған «Қорқыт ата кітабы» аудармасының
қолжазбасы негізге
алынды. Аударманың соңғы редакциясын жасаған – филология ғылымдарының
докторы, профессор Т.Ə.Қоңыратбай.
Т.Қоңыратбай
ƏБУНƏСІР ƏЛ-ФАРАБИ
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші
ұстазымыз деп таныған
Əбунəсір əл-Фараби қазақ жерінде – Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім
іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп,
Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана тілі – түркі тілінен басқа
араб, парсы, көне грек тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам
еңбек жазған.
Философия, жаратылыстану,
математика, музыка саласында əлем
таныған құнды еңбектері бар. Поэзияның табиғатын талдайтын трактат жазып, өлең
де шығарған. Əл-Фарабидің көне грек философтары мен математиктерінің еңбегіне
зер салып, оларды араб оқушысына түсіндіруге тырысуы, грек ойшылдарының
философиялық
пікірлерін жаңаша дамытуы, энциклопедиялық білімін жан-жақты
жұмсауы əл-Фарабидің Қайта өрлеу (Ренессанс) дəуірінің
ғылым саласындағы
қайнар бастауында тұрған тұлға екенін көрсетеді. «Қайырлы қала тұрғындарының
көзқарасы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы»,
«Өлең сөз жəне шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты»,
«Логика» т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Əл-Фарабидің
трактат, өлеңдері арабшадан аударылып басылған кітаптан алынып отыр. (Əбунəсір əл-
Фараби. Трактат жəне өлеңдер. Алматы: Жазушы, 1974. – Аударған А. Нысаналин).
С.Қорабай
Достарыңызбен бөлісу: