«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет77/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

«Таңрим емті ман Раимаст фарзанд өкүнүрман йазуқда башуну өтүнүрман».
«Тəңірім, енді мен Раимаст баласы өкінемін, жазықтан босатуды (күнəмді 
кешіруді) өтінемін» (Аударған – А.Ə.), – деп Раимаст деген кісінің баласы атынан 
сөйлесе, жыр соңында:
«Ботурмуш тархан туғады ниғосагларның суиін йазуқун өгүнгү Хуастанавт». 
«Ботурмыш тархан түгетті (аяқтады) күнəлілердің өкініп айтқан сөзі 
«Хуастуанифтті», – деп дұғаны Ботурмуш есімді тархан аяқтағанын көрсетеді. Десек 
те, Ботурмуш Раимасттың баласы ма, жоқ əлде бөлек жан ба, ол жағын дөп басып 
айту қиын. Мүмкін, Раимаст баласы көне иран тілінде жазылған «Хуастуанифттің» 
авторы, ал Ботурмуш тархан көне түркі тіліне аударған тəржімашы немесе манихей 
жазуынан ұйғыр жазбасына түсірген көшірмеші болуы да ғажап емес. Себебі Раимаст 
атауы үнді-иран халықтарына тəн есім болса, Ботурмуш есімі түркі тектес халықтарда 
ұшырасады. Түркі елдерінің фольклорында кездесетін, есімі алып сөзінен шыққан 
Алпамыс (Алпамыш) секілді, Ботурмуш атауы да батыр сөзінен шыққанын аңғаруға 
болады. Сондай-ақ Ботурмушпен қатар жазылған «тархан» – түркі қағанаты тұсында 
берілетін титулдардың бірі. Сондықтан да «Хуастуанифтті» аяқтаған Ботурмуш 
тарханның тегі түркі ақсүйектерінің əулетінен шыққан дей аламыз. 
«Хуастуанифт» дұғасы «Хормузта тəңірі бес тəңірі менен барлық зұлымдық 
6
Nachträge zum Chuastuanіt /Chuastuanvt/ dem Bussgebet der Manіchäer. /Hörer/. Изв. АН, серия 
VІ, СПб., 1911. С. 867–896. 
7
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности, М.-Л., 1951. С. 108–130. 
8
Дмитриева Л.В. Хуастуанифт (Введение, текст, перевод) // Тюркологические исследования. 
М.–Л., 1963. С. 214–233.
9
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности, М.-Л., 1951. С. 108. 
10 
Дмитриева Л.В. Хуастуанифт (Введение, текст, перевод) // Тюркологические исследования. 
М.-Л., 1963. С. 215. 
жаратушысына қарсы соғысқалы (аспаннан осы жаққа) келді. (Ол) зұлым иесі 
Шмну дың бес түрлі жақтасымен соғысты», – деп басталады. Мұндағы мақсат – əлем 
алғаш тек ізгілік пен жақсылық, татулық пен бейбітшіліктен тұрғанын көрсету еді. 
Шығар ма да Хормузта əлем тыныштығын қорғаған сақшыдай сипатталады. Шмну – 
жауыздықтың белгісі. Жер жүзінде жауыздықты пайда қылған Шмнудың күші еді. 
Хормузта мен Шмну ағайынды болатын. Олардың дүниеге келуі жайындағы мифтік 
аңызда Зерван (манихей сенімі бойынша құдайлардың арғы бабасы) ең əуелі жалғыз 
болғандығы айтылады. Бүкіл мифтік оқиғалар Зерваннан бастау алады. Манихейлік 
діни түсінік бойынша Зерван баласы Хормузтаның туылуы үшін мың жылдай уақыт 
құрбандық шалады. Сонымен қатар «бүкіл əлемді Хормузта жаратсын», – деп дұға 
қылады. Бірақ Хормузтаның туылуы кешіккен сайын Зерванның көңілінде «шалған 
құрбандықтарым пайда бермеді» деген күдік ұялайды. Осылайша шүбəланып 
жүргенде Хормузтамен бірге Ахриман (Шмну) да дүниеге келетіні аян болады. 
Зерван: «Бірінші туылған перзентіме əлемді билеуге құқық беремін», – деп уəде 
береді. Хормузта туылмастан бұрын-ақ Зерванның ниетін біліп жатады. Ол Зерванның 
бұл ниетін бауыры Ахриманға айтып береді. Дүниені билеуді Хормузтадан қызғанған 
Ахриман Зерванның қарнын жарып шығып, бірінші туылады. Өзін «Хормузтамын» 
деп жариялайды. Зерван баласының ұсқынсыз, қорқынышты түрін көріп, одан баз 
кешеді. Осы уақытта жүзі шырайлы Хормузта дүниеге келеді. Бірақ Зерванның уəдесі 
бойынша бірінші туылған Ахриман əлемді тоғыз мың жыл билеуі тиіс еді. Содан кейін 
ғана Хормузта зұлымдық пен жауыздықты жеңіп, жер бетінде əмірін жүргізбек
11

«Хуастуанифтте» көрініс тапқан Хормузта мен Шмнудың соғысы өмірдегі жақ-
сылық пен жамандықтың бітіспес арпалысы іспетті. Дұғада ізгілік пен зұлымдықтың 
соғысы кезінде Шмнуға жүз қырық мың албасты көмекке келіп, Хормузта басынан 
жараланып, жеңіліп қалады. Манихей ұғымы бойынша ізгілік аспан əлемінде ғана 
қалып, жер жүзінде түрлі күнəлар жасалып, жамандық барынша жайылған. Шмну 
мен оның жақтастары өздерінің құдайларын ұмытқанымен қоса, адамзатты да теріс 
жолға түсіреді. Дұғада: «Олар (өздері) туып, жаратылған мəңгі тəңірі жерін ұмытып 
кетті. Жарық тəңірлерден айырылды (жырақтады). Онан соң, бар тəңірім, зұлымдық 
иесі Шмну өзімізді, ақыл-ойымызды азғырды. Біліксіз, ақымақ болғанымыз үшін. 
Барлық жарық жандардың негізіне, таза жəне пəк Азруа тəңіріге қарсы шығып, 
жазықты болдық. Қателестік», – деп Хормузта мен Шмнуды туған Азруаны (Зерванды) 
еске алады. Көнеден жеткен діни-əдеби жəдігерден көргеніміздей, манихей дінін 
ұстанушылар тек Зерван мен Хормузтаға ғана сиынбаған, сонымен қатар табиғат 
тылсымдарына (Күн, Ай, жел, су, от, топырақ, аспан т.б.) сеніп, оларға құлшылық 
қылған. Күн, Ай, Жел сынды құдайларға жалбарына отырып, рухтар əлеміндегі ізгілік 
арқылы жер жүзіндегі жамандықты жоюды тілеген.
«Хуастуанифт» дұғасы он бес бөлімнен тұрады. Əр бөлімде дұға қылушы адам-
заттың жасаған күнəлары үшін тəубеге келіп, кешірім сұрайды. Дұғада жаратушыға 
деген сенім жойылып, құдайдың əмірі орындалмай, Тəңірінің бұйрығы өзгертілгені 
айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет