«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет79/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

СОЛТҮСТІК ЧИНАМА 
Чи елі – заманымыздың 550 жылы сянбиленген қытай Гау Хуанның ұлы Гау Яң 
Шығыс Уей əулетінің патшасын тақтан тайдырып, өзін – патша, мемлекетін Чи деп 
жариялады. Астанасы Йечың (қазіргі Хыбей өлкесінің Лиңжаңның оңтүстік-батысы) 
қаласы болып бекітілді. Бұл қытай тарихнамаларында Солтүстік Чи əулеті деп 
аталады. Ол 577 жылы Солтүстік Жоу əулеті тарапынан құлатылды. Елде 6 патша 28 
жыл билік құрды. 
«Солтүстік Чинама» (Бейчишу) – Гаулар билігіндегі Солтүстік Чидың тарихын 
(550–577) билік баян, ғұмырнама үлгісінде деректейтін жылнама. Авторы – Ли Бəйяу 
(565–648). Ол əкесі Ли Дылин жазған көне нұсқасы негізінде толықтырып жəне реттеп 
636 жылы жазып бітірді. Жалпы 50 бумадан тұратын бұл кітапта Түркі қағанаты 
шаңырақ көтерген тұстағы тарихи жағдайларды сипаттайтын құнды деректер арнайы 
түркі баяны арқылы хатталмағанымен, билік баяндар мен ғұмырнамалар арқылы 
баяндалған. Солтүстік Сұң əулеті тұсында кітаптың көп бөлігі жоғалған (мөлшермен 
17 бумасы ғана соңғыларға жетті), кейінгі адамдар «Солтүстік əулеттер тарихы» 
сияқты кітаптар негізінде толықтырды.
«Солтүстік Чинама» жылнамасы «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 
2006) жарияланған мəтін бойынша дайындалып, томға енгізілді. 
Ш.Ахметұлы
ЖОУНАМА
Заманымыздың 557 жылы арғы тегі ғұндардың күнгей тəңірқұтынан тарайтын 
сянбидың юйуын руынан шыққан Юйуын Тəй деген кісінің ұлы Юйуын Жюе Батыс 
Уей əулетін құлатып, патша болды, мемлекетінің атын Жоу деп жариялады, Чаң-əн 
қаласын астана етіп бекітті. Бұл қытай тарихнамасында Солтүстік Жоу əулеті деп 
аталады. Солтүстік Жоу əулеті 577 жылы Солтүстік Чи əулетін тақтан тайдырып, 
қытайдың солтүстік аймақтарын бірлікке келтірді. Ол 581 жылы Сүй əулеті тарапынан 
жойылды.
«Жоунама» (Жоушу) – Юйуындар билігіндегі солтүстік əулет – жоулықтар-
дың тарихын (557–581) билік баян, ғұмырнама үлгісінде баяндайтын жылнама. 
Авторы – Таң əулетінің алғашқы кезінде өмір сүрген тарихшы Лиңху Дыфын (583–666) 
жəне басқалар. Солтүстік Сұң əулетінің алғашы кезінде бұрынғы нұсқасының 18, 
24, 26, 31, 32-бумалары жоғалып кетті де, 31–32-бумалары «Солтүстік əулеттер 
тарихы» негізінде, 24–26-бумалары Гау Жюнның «Тауарихшасы» негізінде кейін 
толықтырылды.
Томда «Жоунама» баяны «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) 
жарияланған мəтін негізінде беріліп отыр. 
Ш.Ахметұлы
СҮЙНАМА
Заманымыздың 581 жылы Яң Жян Солтүстік Жоу əулетінің патшасын тақтан 
тайдырып, Сүй патшалығын құрды. Кəйхуаңның 3 жылы (583) елдің астанасы Дашиң 
(қазіргі Сəншидегі Ши-əн) қаласы болып бекітілді. 611 жылдан кейін елде диқандар 
көтерілісі бұрқ ете түсті. Бұлғақтан тасалаған Сүй Яңди патша Жяңдуға (қазіргі 
Жяңсу өлкесінің Яңжоу қаласы) бой тасалады, 618 жылы Яңди патша Юйуын Хуажи 
тарапынан өлтірілді де, Сүй əулеті құлады. Алайда шығыс астаналықтар Яңдидың 
немересі Яң Юды Сүй Гұңди патша деген атпен патша көтерді. 619 жылы ол Уаң 
Шычұңның қолынан өлді.
«Сүйнама (Сүйшу) – Сүй əулеті тарихын (581–618) билік баян, ғұмырнама үлгісінде 
деректейтін жылнама. Билік баян бөлігін Уй Жың, Ян Шыгу, Кұң Йыңдалар 629–639 
жылдары жазды; шежіре бөлігін жазуға 15 жыл уақыт жұмсалып, Юй Жыниң, Ли 
Чұнфыңдар тарапынан 656 жылы жазып бітірілді. Кітап жалпы 85 бумадан тұрады.
Бұл билік баяны да «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) жариялан-
ған мəтін негізінде беріліп отыр. 
Ш.Ахметұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет