«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН ТҮРКІ БІТІК ЕСКЕРТКIШТЕРI



Pdf көрінісі
бет127/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН ТҮРКІ БІТІК ЕСКЕРТКIШТЕРI
Қазақстан жерiн ежелден мекендеген көптеген ру-тайпалар мен саяси-этникалық 
бiрлестiктерінде түркі бітік, соғды жəне т.б. жазу түрлерін кеңiнен қолданғандығы 
археологиялық қазбалар барысында анықталып келедi. 
Жалпы Қазақстанда көне түркі бiтiкпен жазылған мынадай ескерт кiштерi 
табылған. 
ҮРЖАРДАН ТАБЫЛҒАН ҚЫТАЙ ҚОЛА АЙНАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ БІТІГІ
Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VII–IX ғасырларға қатысты жəдігер. 
«Ертіс руникасының үлгілері», «Үржар қола айнасындағы руникалық жазу» деп 
аталады.
Айна Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан 20 шақырымда Сасықбастау
ауылына жақын жердегі көне түркі қорғанынан табылған. Осы қола айнаның жиегi 
мен iшкі шеңберінде дөңгелене үшкiр темiр затпен 2 жол мəтін қашалған.
Айна Ресейдің Мемлекеттік эрмитажында сақтаулы. 1935 жылы Қазақстан зерттеу 
қоғамы тапқан. Алғашқы мəліметті А.Н. Бернштам жариялады. Мəтіндік зерттеуін
А.С. Аманжолов жүргізді.
Н.Базылхан


 478
479
ЕРТIСТЕН ТАБЫЛҒАН ҚОЛА АЙНАДАҒЫ ТҮРКІ БІТІГІ
Тарихи-хронологиялық тұрғыда IX–X ғасырларға қатысты. 
Жəдігер «Ертіс қола айнасындағы руникалық жазу», «Ертіс руникасының үлгілері» 
деп аталады.
Айна Шығыс Қазақстан облысы Ертіс өзені бойындағы «Зевакино шемонаихинск» 
ауылына жақын жердегі көне түркі қорғаннан («146-қорған») əйел адамның мүрдесі 
жəне түрлі зат бұйымдармен бірге табылған. Осы қола айнаның жиегi мен iшкі 
шеңберінде дөңгелене үшкiр темiр затпен қашалып 2 жол мəтін жазылған. Шығыс 
Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.
1969 жылы Ф.Х.Арсланова тапқан. Мəтіндік зерттеулерін Ф.Х. Арсланова, 
С.Г.Кляшторный, А.С.Аманжолов жүргізді.
Н.Базылхан
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРІ
Түркі халықтарының мақал-мəтелдері – М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» 
кітабына енген ауыз əдебиеті үлгілері. Ə.Ибатов пен Қ.Бекетаев аударып дайындаған 
М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі» кітабында (1993) жарияланған материал негізінде 
берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет