476
477
ТАЛАС ТҮРКІ БІТІКТАСТАРЫ МЕН ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Бүгiн Талас ескерткiштерiнiң саны 30-дай. Қазiргi Қазақстан,
Қырғызстанның
шекара өңірлеріндегі Талас өзенi бойынан табылған ескерткiштер жатады. Қазақстанда
Талас, Сыр, Iле, Ертiс өзендерi бойынан табылған ескерткiштер де бар. Олар Бiшкек,
Тараз, Алматы, Санкт-Петербург қалаларының музейлерiнде сақтаулы.
1896–1898 жылдары сол кездердегі уезд бастығы – өлкетанушы В.А. Каллаур,
мұғалiм Гастев Талас қаласынан («Əулие-Ата уезi») 8 км солтүстiк-шығыстағы Айр-
Там-Ой, Қалба сайы шатқалында көне түрiк жазулы 3 домалақ пішінді тас табады.
1898 жылы А.О. Гейкель басқарған Фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы
тағы да көне түрiк жазулы екi тас табады.
1932 жылы Талас өзенi бойындағы Ашықтас деген
жерден төрт қырлы ағаш
таяқшада ойылып жазылған көне түрiк жазуы табылады.
Талас ескерткiштерiн бiрiншi, екiншi, үшiншi… тас
ескерткiштерi деп сандық
ретпен атау қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан Түркі Елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерi
дəуiрiне қатысты делiнедi.
Талас бітіктастары мен ескерткіштерінің мəтіндік зерттеулерін В.В. Радлов,
А.О.Гейкель, Ю.Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, А.М. Щербак, И.А. Батманов,
Ч.Жумагулов, А.С. Аманжолов жəне т.б. ғалымдар жасады.
Н.Базылхан
ТАЛАС-I БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық тұрғыдан VIII–X ғасырларда тұрғызылған бітіктас «Талас
өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас бірінші ескерткіші», «Талас
руникалық
ескерткіштері», «№1 ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы
Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-Там-
Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.
Бітіктас қызғылтым сұр гранит тастан жасалынған. 4 жол мəтін қашалған.
Ресейдің Мемлекеттік эрмитажында сақтаулы. 1896 жылы В.А. Каллаур жəне
Гастев тапқан. А.О. Гейкель, В.В. Радлов, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун,
И.А.Батманов, Ч.Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген.
Н.Базылхан
ТАЛАС-II БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–X ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Талас өзені бойындағы
ескерткіштер», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 2 ескерткіші» деп аталады.
Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8
шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.
Талас-1 бітіктасының маңында болған.
Бітіктас ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 8 жол мəтін қашалған. Соғды
тектес жазулы 2 жол өте өшіңкі мəтіннен сақталынған тұстары бар.
Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.
1898 жылы В.А. Каллаур тапқан. А.О. Гейкель, В.В. Радлов, Ю. Немет, С.Е. Малов,
Х.Н.Орхун, И.А. Батманов, Ч. Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген.
Н.Базылхан
ТАЛАС-III БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VIII–X ғасырларда
тұрғызылған
бітіктас. «Талас өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас үшінші ескерткіші», «Талас
руникалық ескерткіштері», «№ 3 ескерткіш» деп аталады.Талас қаласынан (бұрынғы
Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-
Там-Ой (Қырық-Қазық) / «Алта-Бай» ?/ деген жерден табылған. Талас-1, Талас-2
бітіктасының маңында болған. Ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 5 жол
мəтін қашалған.
Сақталған жері белгісіз .
1898 жылы В.А. Каллаур тапқан. А.О. Гейкель, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун,
И.А. Батманов зерттеу жүргізген.
Н.Базылхан
ТАЛАС-IV БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–X ғасырларда тұрғызылған. «Талас өзені бойындағы ескерткіштер»,
«Талас руникалық ескерткіштері», «№ 4 ескерткіш» деп аталады.
Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8
шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.
Талас-1, Талас-2, Талас-3 бітіктасының маңында болған. Ақшыл сұр түсті құмдақ
тастан жасалынған. 5 жол мəтін қашалған.
Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы. 1898
жылы А.О. Гейкель тапқан. П.М. Мелиоранский, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н.Орхун,
И.А. Батманов, Ч. Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: