АБАҚАН (Е-48) БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Абақан ескерткіші» деп
аталады.
Бітіктас Абақан өзені оң жағалауындағы жерде орнатылған. Сұр құмдақ тастан
жасалынған. Бет қапталында 6 жол, артқы қапталында өте өшіңкі 6 жол, екі қырында
3 жол – барлығы 15 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған.
1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1913 жылы Минусинск музейіне əкелінген.
Сонда сақтаулы.
Н.Базылхан
БАЙ-БҰЛЫН-I (Е-42) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш.
«Минусинск музейі ескерткіші», «Бай-Булун бірінші ескерткіші» деп аталатын
бітіктас Ұлық Кем өзенінің сол жағалауындағы Бай-Бұлын деген жазықтағы қорғанда
орнатылған.
Бітіктас көкшіл сұр сланецтен жасалынған. Екі қапталында барлығы 11 жол мəтін
жəне таңба қашалған.
1915 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1915 жылы Минусинск музейіне əкелінген.
Н.Базылхан
БАЙ-БҰЛЫН-II (Е-49) БҰҒЫТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас
«Туваның бірінші ескерткіші», «Бай-Булун екінші ескерткіші» деп аталады.
Бітіктас Ұлық Кем өзені сол жағалауы Бай-Бұлын деген жазықтағы қорғанда
орнатылған. Ақсұр құмдақ тастан жасалынған. Бір қапталы жəне бір қырында
барлығы 4 жол мəтін жəне таңба қашалған.
1915 жылы Адрианов тапқан. 1915 жылы Минусинск музейіне əкелінген. Осы
музейде сақтаулы.
Н.Базылхан
КЕРБИС-БАРЫ (Е-59) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VIII–IX ғасырларда тұрғызылған
ескерткіш. «Хербис-Баары ескерткіші» деп аталады.
Бітіктас Ұлық Кем өзенінің оң жағалауындағы Кербис-Бары деген жердегі қорғанда
орнатылған. Қызыл күрең түсті сланец тастан төбе тұсы доғалдау етіліп жасалынған.
Екі қапталы жəне екі қырында барлығы 8 жол мəтін жəне таңба қашалған.
1960 жылы Вайнштейн тапқан. 1961 жылы А.М. Щербак, И.А. Батманов зерттеп,
Тува музейіне əкелген. Қазір осы музейде сақтаулы.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: |