«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Шығыс беті /БК. ІІІ. 1–9/



Pdf көрінісі
бет37/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Шығыс беті /БК. ІІІ. 1–9/
/Қытай мəтінінің үстіңгі жағындағы жазу/
1. [. . . . . . .. . . .] жоғары [. . . . . . . . . .]
2. Білге-қаған ұша барды.
3. Жайы жоғары Тəңірде болсын.


 186
187
4. Дабыл қағылса
5. Тауда қолбасшылар жортар. [Солай]
6. Сағынармын [сені] Əкем-қаған
7. Тасын өзім Қаған
8. [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ]
9. [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ]
ÒÎÍÛÊ¥Ê


 188
189
1. Білге Тоныкөк мен өзім Табғаш елінде тəрбиелендім. Түркі халқы 
табғашқа бағынатын еді.
2. Түркі халқы қаны болмай Табғаштан бөлінді, қанданды 
Қанын қойып
Табғашқа жəне бағынды 
Тəңірі сонша дегендей бəлкі
Қан бердім.
3. Қағаныңды қойып бағындың 
Тəңірі /сені/ өлімші етті. 
Түркі халқы қырылды, алқынды, жоқ болды.
Түркі есір /тұтқын/ халқы жерінде ештеңе қалмады.
4. Ағаш-тас /арасында қаланы жиналып жеті жүз болды 
Екі бөлегі атты еді.
Бір бөлегі жаяу еді. 
Жеті кісіні ерткен
5. Ұлығы шад еді. 
Ілес деді
Ілескені мен едім
Білге Тоныкөк
Қағанды ма қысайын, – дедім
Ойландым: тұрық бұқалы 
Семіз бұқалы артта білсе.
6. Семіз бұқа – тұрық бұқа, – деп 
Айыра білмес деп
Сонша ойладым.
Содан соң тəңірі білік бергені үшін 
Өзімше оны қаған еттім
Білге Тоныкөк бойла баға тарқанмен
7. /Мен/ Ілтеріс қаған болайын
Түстікте – табғашты
Шығыста – қытанды
Терістікте – оғызды көптеп өлтірді. 
Білік йесі сөз йесі /деп/ мені көрді. 
Шұғай құзын Қара құмды мекендеуші едік.
8. Киік жеп, қоян жеп отыратын едік. 
Халық тамағы тоқ еді 
Жауымыз айнала жыртқыш /құстай/ еді. Біз өлімші едік 
Сөйтіп отырған шақта оғыздар-елші келді.
9. Елші сөзі мынадай: 
Тоғыз оғыз халқы қаған көтерді деді. 
Табғашқа қарай Құны сеңүнді жіберді. 
Қытанға қарай Тоңра семді жіберді. 
Сөзді былай жіберді. 
Аз ғана түркі халқы көшуші еді.
10. Қағаны алып еді
Ақылгері білге еді
Ол екі кісі бар болса 
Сен – табғашты қырар дермін
Шығыста – қытанды қырар дермін
Мені – оғызды қырар дермін.
11. Табғаш түстіктен тиіңдер 
Қытан шығыстан тиіңдер 
Мен терістіктен тиісейін түркі тұтқын жерінде /бөтен/ йе жүр-
месін!
Əрекеттенсе, йесін 
құртамыз, – дермін.
12. Ол сөзді есітіп 
Түн ұйқым келмеді
Күндіз отырғым келмеді. 
Содан соң қағаныма өтіндім
Сонша өтіндім табғаш, оғыз, қытан. Бұл үшеуі біріге қалса біз
Өз іші-сыртымызды ұстап қана қаламыз
13. Жұқаны топтау – оңай 
жұқа қалыңдаса топтайтын алып болар
14. Жіңішке жуандаса үзетін алып болар. 
Шығыстағы қытанға түстіктегі табғашқа
Батыстағы құрданға, терістіктегі оғызға
Екі-үш мың қолмен келе аламыз ба?
Сонша өтіндім
15. Қағаным мен өзім бірге 
Тоныкөк өтінген өтінішімді есіте көңілдегіше жүргіз, – деді.
Көк Өңүг таптай Өтүкен қойнауына жүргіздім.
Сиыр көлігімен Тоғлада оғыз келді.
16. Əскері үш мың екен 
Біз екі мың екенбіз 
Соғыстық
Тəңірі жарылқады қайттық
Өзенге түсті қайтар жолда тағы да көп өлді.
Содан соң оғыз түгел келді.
17. Түркі халқын Өтүкен жерге келтірдік
Мен өзім білге Тоныкөк
Өтүкен жерін қоныстанды деген есітіп түстіктегі халық батыстағы, 
терістіктегі шығыстағы халықтар келді.
18. Екі мың едік
Біз екі қол болдық 
Түркі халқы отырғалы 
Түркі қағаны отырғалы
Сантуң қаласына теңіз өзеніне жетпеген еді. 
Қағаныма өтініп, соғыстым.
19. Шантуң қаласына теңіз өзеніне жеткіздім. 
Жиырма үш қала талқандалды.


 190
191
Үйсін мұнда атты жұртта жатып қалып еді. 
Табғаш қағаны жауымыз еді,
Он оқ қағаны жауымыз еді.
20. Артқы қырық аз қағаны жауымыз болды. 
Ол үш қаған кеңесіп: 
Алтын қойнауында бірігейік деді. Сонша кеңесті 
Шығыста түркі соғысайық деді. Одан əрі соғыспасақ
Қалай болса да бізді ол жеңеді.
21. Қағаны алып екен
Ақылгері – білге екен 
Қайтсек те қыратыны мүмкін 
Үшеуіміз бірігіп соғысайық
Оны /сөйтіп/ жояйық десті. 
Түргеш қағаны былай деді: 
Менің халқымда сонда болар деді.
22. Түркі халқы тағы былғануда деді
Оғуздар да тарауда, – деді
Сол сөзді есітіп түнде тағы ұйқым келмеді 
/күндіз/ отырғым келмеді. 
сонда ойландым
[...] 
Соғысалық [...] дедім
23. Көгмен жолы бір еді 
Тымық дегенді есітіп 
Бұл жолмен жүруге жарамайды дедім
Жершіл /кісі/ тіледім
/Ол/ Шөлдік аз ері болды.
24. Өзімнің аз жерім,
Оны біл! Анымен
Бір аялдама бар 
Анымен барасыңдар 
оған түнеп /одан əрі/ 
Бір аттық жүріс дедім 
Сол жолмен жүрсе
мүмкін дедім ойландым.
25. Қағаныма өтіндім əскер 
жүргіздім
Аттаныңдар! – дедім
Ақ термелді өте бұйырдым
Атқа қайта міндіріп қарды аршыдым
Жоғары атты жетектеп
Ағаш ұстап шықтық /көтерілдік/
26. Алдағы ер жоғары шығып 
Бұталы /биік/ басынан астық 
Қиындықпен түстік
Он күн дегенде тау бауырына бардық 
Жершіл ер жаңылып
Бауыздалды
Мұңайып қаған 
Желе көр, – деді.
27. Аны суымен баралық 
Сол сумен төмен жүрдік 
Санағалы тоқтадық 
Атты бұтаға байладық
Күн демей
Түн демей желіп бардық
Қырық азды ұйқыда бастық.
28. /жолымызды/ сүңгімен аштық
Қаны, əскері /түгел/ жиналды
Соғыстық, шаныштық
Қанын өлтірдік
Қағанға қырқ аз халқы
Бағынды, жүгінді, қайттық
Көгмен қойнауын айналып келдік.
29. Қырқ аздан қайттық
Түргеш қағанынан елші келді 
Сөзі мынадай: алдынан қаған қарай
Əскер жіберейік, – деді /егер/
Жүргізбесек бізді 
Қағаны – алып
Ақылгері – білгіш
Қайтсек те
30. Бізді қыруы мүмкін деді 
Түргеш қағаны жиналды
Он оқ халқы қалмай жиналды, – деді. 
Табғаш əскері де бар, – деді 
сол сөзді естіп қағаным: 
«Мен үйге қайтайын», – деді.
31. Қатыны өлген еді 
Оны жерлейін, – деді 
Əскер барың деді
Алтын қойнауында күтің, – деді
Əскер басы – Інел қаған 
Тардуш шады барсын, – деді
Білге Тоныкөк маған айтты.
32. Бұл əскерді өзің баста, – деді
Қиындықты көңіліңше шеш 
Мен саған /басқа/ не айтайын, – деді. 
Келер болса күш көбейер
Келмесе егер /онда/ 
Тілді, сөзді ала отыр, – деді 
Алтын қойнауында отырдық. 


 192
193
33. Үш хабаршы келді 
Сөздері бір: қағаны əскері жиылды 
Оң оқ əскері қалмай жиналды, – деді 
Иарыс жазығында жиналайық, – деді. 
Ол сөзді есітіп 
Қағанға ол сөзді жібердім 
Қайтейін
Жауап жəне келді
34. Отыра бер, – депті 
Асықпа күзетшіні жақсылап қойың 
Бастырма, – деді
Бегі қаған маған осыны айтты
Апа-тарқанға құпия сөз жіберді
Білге Тоныкөк
Сұм ол ол өзі аңғарар
35. Əскер жүргізелік /десе/ ұнатпаң
Ол сөзді есітіп əскер жүргіздім
Алтын қойнауын астым
Ертіс өзенін өткілсіз өттік
Түн қаттық Болшыға таң ата жеттік.
36. Тілдіні келтірді Сөзі мынадай:
Иарыс жазығында он мың əскер жиылды, – деді
Ол сөзді есітіп
Бектер көбі қайтайық!
37. Таза ұят игі, – деді
Мен сонша дедім
Мен білге Тоныкөк
Алтын қойнауын аса келдік
Ертіс өзенін өте келдік.
38. Келгені – батыр дедім 
Түсінбеді
Тəңірі Умай, қасиетті Жер-су /Отан/
Жеңіс сыйлай берген екен
Неге қашамыз көп /екен/ деп
39. Неге қорқамыз азбыз деп 
Неге басындырамыз тиіселік, 
дедім. Тиістік, қудық 
Екінші күн/тағы/ келді.
40. Өртше қызып келді 
Соғыстық 
Бізден екі шеті жартыдай артық еді
Тəңірі жарылқағаны үшін көп 
деп біз.
41. Қорықпадық, соғыстық 
Тардуш шады қатысты 
Жеңдік, қағанын ұстадық
Иабғысын, шадын сонда өлтірді.
42. Елудей ерін ұстадық тұтқындады
Сол түні халық сайын елші жібердік
ол хабарды есітіп
Он оқ бектері, халқы
Түгел келді, жүгінді.
43. Келген бектерін, халқын жиып теріп жатқанда
Аздаған халық қашқан еді.
Он оқ əскерін аттандырдым. 
44. Біз тағы да соғыстық 
Оны қудық 
Інжү өзенін өте 
Тінесі ұлының тұрағы 
Беңлігек тауын [...]
45. Темір қақпаға дейін қудық
Сонда қайтардық
Інел қағанға тəжік, тоқар
46. Сонда Суқ бастаған 
Соғда халқы түгел келді
Сол күндері 
Түркі халқы Темір қақпаға жетті
47. Тінесі ұлының мекен тауына 
жетті /ол кез бұл тау/ иесіз еді
Ол жерге мен білге Тоныкөк
Жеткізгені үшін сары алтын
48. Ақ күміс, қыз-қырқын
Бағалы қымбат мүліктер есепсіз келіп жатты
Елтеріс қағанның білік иесі, 
алып иесі болғаны үшін
49. Табғаштармен он жеті /рет/ соғысты
Қытандармен жеті /рет/ соғысты
Оғыздармен бес рет соғысты.
50. Сонда ақылгері тағы да мен еді
Бастаушысы да мен едім
Елтеріс қаған үшін
Түркі Бөгі қағаны үшін 
Түркі білге қ. . .
51. Қапаған қаған үшін
Түн ұйықтамадым
Күндіз отырмадым
52. Қызыл қанымды төктім
Қара терімді ағыздым
Күш-қуатымды да бердім 
Мен өзім ұзақ шабуылдарға да қатыстым


 194
195
53. Арқуй күзетін үлкейттім 
Басынған жауды келтіргенмін
Қағаныммен бірге соғыстық
Тəңірі жарылқап
54. Бұ түркі халқына
Қарулы жауды келтірмедім
Атты əскер жолатпадым
Елтеріс қаған осылай етпесем
55. Оған еріп мен өзім де осылай етпесем
Ел де, халық та
Жойылар еді
Осылайша еткеніміз үшін
Менің де ұйғарғаным үшін
56. Ел тағы да ел болды
Халық та қайта халық болды.
Өзім қартайдым, үлкен болдым
Қайдағы қағандық халық болса да
57. Бүлдірушісі бар болса, оның мұңы да болады.
58. Түркі білге қаған еліне /арнап/ жаздырдым
Мен білге Тоныкөк
59. Елтеріс қаған бүйтпесе ол да болмаған болар еді
Мен өзім білге Тоныкөк бүйтпесем 
Мен де болмаған болар едім.
60. Қапаған қағанның тұтқын халқы жерінде
Ештеме де, халық та тағы кісі де
Болмаған болар еді.
61. Елтеріс қаған, Білге Тоныкөк қызметтері үшін
Қапаған қаған
Түркі есір халқы жасады.
62. Түркі білге қаған түркі есір халқын
Оғыз халқын жоғарылатып отыр.
ʬ¬Ë²-×ÎÐ


 196
197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет