184
185
күй және күйшілер туралы аңыздар
—Мына балаң кім?—деп сұрайды. Санда Маман би:
—Інім, Дөненбай батырдың баласы, тізгін ұстатарым,—деп
таныстырды.
Кеңес басталып, екі жақтың даугерлері дауын айтып, та-
лабын білдіргеннен кейін, қарт Еркөкше би
даудың төрелігін
айтуға Бейсенбіні көрсетіп:
—«Кәрінің сөзі тәтті, ісі сәтті, жастың жалыны қатты» де-
ген сөз бар. Жас биім, осы даудың билігін сен айтшы,—дейді.
Екі арыс елдің арасындағы ескі
дауға тұңғыш рет кезіккен
Бейсенбі:
—Бестінің құны—бес кесік, біткен жөн екі жақ елдесіп,
жүрмелік қан кешіп, құн кесіп, бұл жолы бас бәйге—500 қой
көк бестінің сыбағасы еді. Бір кесік соған,
бір кесік абақ елінің
ұранына, ал қалған үш кесік ел ара берекелік ісің ғой,—деп
тақпақтай жөнеледі.
ұзаққа созылып білтеленген ескі даудың шиесі шешілгендей
болады. Екі жақ Бейсенбінің билігіне айрандай ұйыйды. Абақ
керей жағы 200 қой алып, 300 қойды кешірім етеді. Бұған дән
разы болған Еркөкше би Бейсенбіге өзі мініп жүрген қоңыр
жорға атын тарту етеді. Аттың түр-тұлғасы мен жүрісіне
көңілі
толған Бейсенбі домбыра шанағына «Майда қоңыр» атты әсерлі
күй туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: