242
күй аңыздар
қарқылдаған төрт қарға қалады. Қарғалар шалдың жалғыз
екенін
сезгендей, бір орыннан екінші орынға секіріп жүріп, бір
уақытта онсыз да қайыр сұрауға, болмаса өлуге бел байлаған
жалғыз шалдың қасына келеді. Тіпті, олар да жалғызсырады
ма, кім білсін, шалдың артынан ілесіп қалмай қояды.
Шал бір
нәрсесін ұмытқан кісідей сәл ойланып тұрып, жүгіріп үйіне ба-
рып, домбырасын алып шығады. Көктем лебін әкелген самал жел-
дің ызыңына қосылып тұрып домбыраның шегіне қол соғады.
Шал ескі бір күйді ойнап кетті. Домбыра халық басына түс-
кен ауыр қайғыны сезгендей боздай жөнеледі. Күйде көңілсіз
әуен тақырыбы өтіп жатыр, бірде аттың
желісін бейнелейтін саз
да естіліп қояды. Сонан кейін басын төмен салып, бір кез өзін-өзі
ұмытқандай шал күйді өте бір нәзік сезіммен шерте жөнеледі.
үздік-создық дыбыстары барған сайын баяулап, әлсіреп барып
күй аяқталады.
Жан-жағына байқап қарайды. Төңіректе ешкім көрінбейді.
Тек жаңағы төрт қарға ғана дөңгеленген
көздерімен қарап
қалыпты. Барлық жерде өлген мал, жандардың қалдықтары
көрінеді. Жомарт домбырасын қайта қолға алып қарғалардың
қарқылдаған үніне еліктетіп бір күй тартты. Домбыра төрт
қарғамен қарғаша сөйлесіп кетті. «Сендерден
басқа менің еш-
кімім жоқ, мені тастап кетпей-ақ қойыңдар, маған ештеңе қал-
маса да, сендер үшін жететін азық мол»,—дейді.
Достарыңызбен бөлісу: