«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет145/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

266. «Үш ананың айтысы»
(ІІ нұсқа)
Әйгілі күйші Есбай Балұстаұлы (1842-1910) тартқан «үш 
ананың айтысы» атты тармақты күйдің аңызын толық қал-
пында келтіре кетудің артықтығы жоқ. 
«Кіші жүзге аты мәлім Қаналы деген төре 1903 жылы 
сары ала күзге қарай әкесіне ас береді. Шежіре сөздің қисыны 


244
245
күй және күйшілер туралы аңыздар
бойын ша, Кіші жүздің он екі ата Байұлы, алты ата Әлім, жеті 
ата Жетіру тармақтарының түпкі аталары бір болғанымен ана-
лары бөлек болған соң «үш ананың балалары» деп атайтын 
дәстүр бар. Сол үш ананың балаларына Қаналы төре сауын ай-
тып, үш арыс елдің кіндік ортасы деп, ас беру үшін Сағыз өзені-
нің «Терісаққан» деген сағасына киіз үй тіктіреді. Қапысыз 
таңдалған шымдауыт, қияқты алапқа тігілген үй саны 900 бо-
лыпты. үй бас сайын Хорезмнен алдыртқан ұнды бір-бір қаптан 
үлестіріпті. Мұның сыртында, келген қонақтарға сыбағасы деп 
үй ара бір тайдан, жолы деп үй бас сайын бір қойдан сойылады. 
ол кезде астың көркі—ат бәйгесі, балуан күресі, өнер сайыс-
тары. Сол дәстүр бойынша, алдын ала сауын айтушылар ат 
жарысының бас бәйгесіне өңшең бір өңді елу айыр інгеннің 
тігілетінін, бас балуанға бір үйір қысырақтың бұйыратынын, 
сондай-ақ осы аста үш ананың күйші-домбырашылары өнер 
өрелестіретінін, жеңімпазға үш жасар бұқа беріліп, иығына 
оқалы жібек шапан жабылып, құрметіне ту көтерілетінін ха-
барлайды. 
Межелі уақытында Кіші жүздің жақсысы мен жайсаңы бас 
қосқан ас басталады. Асты Қаналы төренің өзі басқарады. Ат 
бәйгесінде, Адай, оның ішінде Мұңал, оның ішінде Әли ата-
сынан Нұрымның Тауаны деген байдың шұбар аты бірінші 
келеді. Тауан бай Қаналы төреге әрі құда, әрі қайын болса ке-
рек, «маған атағы да жетеді» деп, бас бәйгеге тігілген елу айыр 
інгенді ошаққа қалдырып кетеді. Сөз арасында айта кетуге бо-
лады. Тауан бай 1926 жылы қайтыс болып, келесі 1927 жылы 
ас берілген. Бұл ас Адай арасындағы ең соңғы ірі ас дейді көз 
көргендер. 
Қаналы төре берген астағы балуан күресінде Жетірудың 
жігіті бас балуан атанып, бір үйір қысырақты еншілейді. 
Содан, түздегі қызықтың солығы басылып, шөліркеген жұрт 
бір-бір сусындап алған соң, кезек үш ана домбырашылары ның 
күй сайысына жетеді. Нәнталап күйшілер Қаналы төренің он 
екі қанат сары ала ордасына шақыртылады. Байұлынан аттай 
алпыс мүшеліндегі Балұстаұлы Есбай келеді. Әлімнен қырық 
жастағы Тоғызбай күйші көрінеді. Ең соңында Жетірудан әйгілі 
Алтынай күйшінің шәкірті он сегіз жасар Науша қыз жетеді. 
Күйшілерге Қаналы төренің өзі сарапшы болады. 


246
күй аңыздар
«уа, ағайын!—деп Қаналы төре сөз бастайды.—үш ананың 
бетке шығар күйшілері алдымызда отыр. Бұрынғы-соңғының 
дәстүрімен бұларды қара тартысқа, қала берді түре тартысқа 
салсақ, онда апталап тыңдауға тура келеді. Сондықтан бір-
бірден күйлерін тыңдап, «Теңіз дәмі тамшысынан белгілі» де-
гендей, төрелігімізді айталық». 
отырғандар Қаналы төренің уәжін қабыл алады. Сол жер-
де «жолы жіңішке» деп, бірінші күй тарту кезегі Науша қызға 
беріледі. ол кезде тартар күйінің бөгернайын танытып, мән-
жайын айтып алатын дәстүр бар. «Бұл күйдің шығуына себеп-
ші оқиға басымнан өтіп еді,—дейді Науша қыз.—Бірде, айлы 
түнде ауылдың қыз-бозбаламен бірге ақсүйек ойнап жүріп 
етігімнің өкшесін тайдырып алдым. Сонда ақсүйекті бірге 
іздесіп жүрген жанымдағы жігіт етігімнің өкшесін ай жары-
ғына қаратып отырып, шимен шегелеп бергені. Сол жігіттің 
өнеріне риза болғаннан шығарған күйім еді». 
Науша қыз осылай дейді де, «Шилеме-шегелеме» деген күйін 
тартып шығады. 
Келесі кезекті «атасының жолы үлкен» деп, Тоғызбайға 
береді. «Менің күйіме де өз басымнан өткен бір оқиға себепші 
болып еді,—дейді Тоғызбай.—Жапсар ауылда Мамыт деген қыз 
болды. Әзіліміз жарасып, сөзіміз үйлескен жандар едік, ертелі-
кеш бара қалсам, Қызылқайың деген иті күрпілдеп үріп ал-
дымнан шығады. Қабаған ит қызды ауылға жолатпай діңкемді 
құртты. Содан бір күні қолыма таяқ ұстап, сайланып шықтым. 
Әдеттегідей алдымнан үріп шыққан итті қатты жасқап едім, 
жайына кетті. Мен де мұратыма жеттім. Сонда көңілім өсіп 
қайтқан соң шығарған күйім еді».
Тоғызбай жорғадай сыдыртып күйін тартып шығады. Мұ-
нан әрі күйдің кезегі Есбайға тиеді. Сонда Есбай: «Бұлар күйді 
оң қақты ғой, қайталау болмасын, мен теріс қағайын» деп, сол 
жерде «Терісқақпай» деген күйді шығарып тартады. 
Күй біткен кезде тыңдаушылар ду ете қалады. «ойпырм-ай, 
бұл Есбайға дауа жоқ екен... Түрткені де, шерткені де күй ғой... 
Табан астында тыңнан шығарып тартты-ау» деседі. Көптің 
қолдауына Қаналы төре де қосылып, «Бәйгенің иесі—Есбай» 
деп айтып салады. 
Сол жерде Науша қыз уәж айтады: «Қадірлі ағалар,—
дейді,—кезек тосын тиген соң, қолым үйренген күйді тартқа-


246
247
күй және күйшілер туралы аңыздар
ным рас еді. Болмаса, шығарып тарту біздің де қолымыздан 
келеді. Маған бәйгенің де, байрақтың да керегі жоқ. осынау 
асқа құр қол келмейін деп, құлағын шығарып келген жаңа 
күйімді тартып берейін». 
Науша қыздың уәжін Қаналы төре бастаған жұрт қабыл ала-
ды. Іле Науша сарыны тың, қағысы тосын бір күйді лекілдете 
жөнеледі. отырғандар жаңа күйге сүттей ұйып, құлақ түреді. 
Әсіресе, Қаналы төренің Күнтай атты бәйбішесі ұмсына түсіп 
құлақ түргенде жаулығы сырылып, шашының көрініп қал-
ғанын аңғармайды. Күй делебе қоздыра құлдыраңдап барып 
бітеді. Күнтай бәйбіше апыл-ғұпыл жаулығын түзейді. Мұны 
байқап қалған Науша қыз күліп: «Менің күйіме ең беріліп 
тыңдаған адам Күнтай апамыз сияқты, сондықтан бұл күйдің 
аты «Күнтай» болсын»,—дейді. Ақылды қыздың қылығына ри-
за болған Қаналы төре қабақ серпіп, Науша қыздың алдына «зер 
бұйымыңды салып жүр» деп күміс сандықша қойдыртады. 
осы кезде Есбай отырып тіл қатады: «Апыр-ай, менен кейін 
күй тартылмаушы еді, дәуренім өтейін деген екен-ау!» деп, 
сол жерде «өттің дүние» деген күйін тартады. Күй тереңнен 
толғап, күңірене дөңбекшіп, отырғандардың ойын сан-саққа 
жүгіртеді. 
Сонда Тоғызбай күйші: «Сабыр, Есаға, сабыр! өлмейтін 
өнердің алды-артында дүбірі қалың болмайтын ба еді. Мұн дай-
да шүкірлік еткен жарасар»,—деп, сол жерде «Әләйлім жал-
ған» деген күйін шертеді. 
Күй біткен кезде аңтарылған жұрттың ішінен біреу сөз бас-
тайды: «Ау, ағайын, осы біз мына Байұлының қолын олай-бұ лай 
сермегеніне алданып қалған жоқпыз ба?»—дейді. Бірінен-бірі 
өткен күйдің әсері суымай отырған жұрт дабыр-дұбыр болып 
қалады. Бірі—«Наушаның қолы шебер екен», келесісі—«Жоқ, 
Тоғызбайдың сарыны сұңғыла болды» деседі. 
өршіп бара жатқан дауға Қаналы төре басу айтады: «Жә, 
ағайын, дейді,—бұл бір айта жүретін өнер сайысы болды. осы 
жерде тегін тартылған күй жоқ, бәрі де кісіліктің сойылын 
соғып, жөн-жобасымен тартылды. олжаның үлкені сол болса 
керек. Дегенмен, кесім айтылып қойды. Енді мені екі сөйлетпей-
ақ қойыңдар. Жеңіс Есбайдікі, құрмет туын көтеріңдер! Ал, 
Науша мен Тоғызбай болса, олар да сый-құрметке әбден лайық 
екен. риза етіп аттандыру мойнымызда болсын».


248
күй аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет