248
249
күй және күйшілер туралы аңыздар
Содан, Айрауық батыр хан қызын алып, нөкерлерін ертіп,
көшкен елдей болып, көңілдері тасып еліне қайтып келе жа-
тады. Сол кезде, есесі кеткен жаудың ел шетін торып жүрген
жасағы
бар екен, бір күні аңдып жүріп Айрауықтың көшіне
тұтқиылдан шабады. Айла тауып, ақыл тоғыстыруға мұрша
болмайды, арсы-күрсі айқас басталып кетеді. Қапыда соққан
жау қоя ма, аз сәтте Айрауықтың жанына ерген жігіттерін
баудай түсіреді. Айрауық
жалғыз өзі қаша ұрыс салып, жауға
теңдік бермейді. Сөйтіп жүргенде садағының адырнасы үзіліп,
бойында басқа қаруы қалмаған Айрауықтың амалы болмай бір
төбенің басында тұрып қалады.
Ақшаханның ару қызын мол жасауымен қолға түсірген жау
мәз болып, көшті бұра тартпақ болады. осы кезде Ақшахан ның
қызы сауға сұрайды: «Некелеп қосылған қосағым еді, бұйрық
осы шығар, енді тым болмаса бір ауыз тілдесіп, қоштасып
айырылысуға ұлықсат етіңдер»,—дейді.
Мерейі үстем болып тұрған жау ару қыздың тілегін қабыл
алып, Айрауыққа қарай алып жүреді. Сонда, Айрауыққа жа-
қындап келген Ақшаханның қызы: «Ей, Айрауық,
мұнша неге
есің шықты, тарыққанда талғасын деп, қанжығаңа мейіз түйіп
едім ғой»,—депті.
Сөйтсе, алдын болжайтын ақылды қыз «заман қандай бо-
лады» деп, түйе сіңірінен ширатып жасаған садақтың тара-
мыс адырнасын ерінің қанжығасына байлаған ғой. Жаңағы
«тарыққанда талғажау етсін деп, мейіз түйіп едім»
деп тұрғаны
сол адырнаны меңзегені еді дейді.
Бұл емеурінді Айрауық түсініп, садағына адырнасын тағып
алып, жауға «жекпе-жек, жекпе-жек!» деп қайта шабады.
Қаруы келіскен Айрауық дес бермейді, қапысыз атып, қынадай
қырып шыдатпай, ақыры жауды түре қуады. Сөйтіп, сүйген жа-
рына
қайта қосылып, аман-есен еліне келіп, мұратына жетіпті
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: