«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет155/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

278. «Шыңырау»
(ІХ нұсқа)
ықыластың бұл күйінің шығуына да ел ішінде айтыла-
тын аңыз әңгіме себепші болса керек. Сол аңыз әңгіменің бір 
нұсқасы былай айтылады. 
Ертеде қанаты туырлықтай Шыңырау деген самұрық құс бо-
лыпты. Шыңырау адам аяғы жете бермейтін жапан түзде өсіп 
тұрған алып бәйтерекке ұя салады екен. Сол ұясында жұмырт-
қа басып, екі жылда бір рет жалқы балапан шығарып жүреді. 
Балапаны қара қанат болып, жетіле бастағанда төңіректің аң-
құсы жанынан безіп жоғалып кетеді екен де, самұрық құс қома-
ғай балапанына айшылық алыс жерлерден шеңгелдеп жем таси-
ды екен. Бірақ, амал қанша, айшылық алыс жерлерден таңын 
созып, топшысын талдырып, өліп-өшіп жеткенде балапаны ыл-
ғи ұяда жоқ болып шығады. Сөйтсе, сол төңіректі мекен еткен 
бір әбжылан Шыңырау жем іздеп кетісімен бәйтерекке өрме леп 
шығып, балапанды лебімен тартып, жұтып кетіп жүріпті. 
осы оқиға жыл сайын қайталана беріпті. Содан, Шыңырау 
әбден зәрезап болып, қасірет шегіп, қиян шеттен жем алып 
келе жатып, бауыр етіндей балапанын ойлағанда ағыл-тегіл 
жы лайды екен. Сонда, Шыңыраудың көз жасы жерге нөсер 
жаңбыр болып құйылады дейді. Енді бірде, туырлықтай қос 
қанатын құшырлана серпіп, балапанына жетуге асығып ұша ды 
екен. ондайда, жер бетінде жойқын дауыл тұрып, жел екі леніп, 
екпіндей соғады дейді. 
Күндердің күнінде Шыңыраудың топшысы ағарып қар тая-
ды. Бұл өмірден енді ұрпақсыз өтем-ау деп, уайымдап жүрген-
де тағы да бір жұмыртқа көріп, балапан басып шығарады. 
Кешікпей-ақ, балапаны басы бақырдай қара қанат құс болып, 
өсіп жетіледі. Көзіне көрінгенді алмап-жалмап, қақшып жұ-
тып, төңіректің ұсақ-түйек аң-құсына тоймайтын болады. Сол 
кезде Шыңырау жалғыз балапанына жем іздеп, қинала-қинала 
тағы да алыс сапарға ұшып кетеді. 
Сол заманда елдің шетінде, желдің өтінде, жаудың бетінде 
жүріп, ел-жұртына қорған болған Айдос атты бір батыр болады 


264
265
күй және күйшілер туралы аңыздар
екен. Бірде, Айдос батыр жол жүріп келе жатып, мидай далада 
елді торыған жаумен соғысып жүріп елсіз-күнсіз қиян шөлге 
шығып кетеді. Ай жүріп, апта жүріп, астындағы аты шөлге 
шыдамай ұшып өледі. Сонда Айдос батырдың өзегі талып, көзі 
қарауытып келе жатса, мидай далада бір алып бәйтерек өсіп 
тұр дейді. Сол жерде батыр бәйтеректің көлеңкесін саялап, дем 
алуға тізе бүгеді. Дем алып отырса, бәйтеректің ұшар басынан 
шырылдаған балапан дауысы естіледі. «Бұл неғылған балапан?» 
деп қараса, бәйтеректі бірнеше сақина етіп ораған бір әбжы лан 
ұядағы балапанды арбап, жұтуға оқталып тұрғанын көреді. Сол 
жерде, Айдос батыр селебесін қынынан суырып, әбжылан ның 
басын шауып тастайды. Балапан болса, адамша сөйлеп, Айдос 
батырға алғысын айтады, жай-жапсарын түсіндіреді. 
осы кезде, аяқ астынан дауыл тұрып, алып бәйтеректі сы-
қырлата ырғайды. Бұған балапан қуанып, Айдос батырға бұл 
дауыл шешесі Шыңыраудың қанатынан ескен желдің екпіні 
екенін айтады. Әлден уақытта шүмектеп жаңбыр жауады. Ба-
лапан одан сайын қуанып, мына жаңбыр жақындап қалған 
шешесінің көз жасы екенін айтады. Сонан соң Айдос батырға: 
«Менің шешем алыс жолдан шаршап, уайым шегіп, ашула нып 
келе жатыр ғой. Келген бетте көзіне түссең, жазым етуі мүм-
кін. Ашуын басқанша менің қанатымның астына жасырына 
тұр»,—дейді. Айдос батыр балапанның айтқанын істейді. 
Айтқанындай, кешікпей-ақ самұрық құс та жетеді. Сықыр-
латып ағаш басына қонады. Балапанының амандығын көріп 
шексіз қуанышқа бөленеді. Бауырына қысып мауқын басады. 
Сол кезде ғана секем алып, балапанынан: «Адам иісі шығады 
ғой!»—деп сұрайды. 
Балапан шындықты жасырмай, болған оқиғаны бастан-аяқ 
айтып береді. Сонда самұрық құс балапанының қанатын кө те-
ріп: «Ей, адам баласы, аспан астында менен күшті жоқ қой деуші 
едім. Қателеседі екенмін. Жер бетінде сенен ақылды, сенен 
күшті, сенен бақытты тіршілік иесі жоқ екен. Құдіретіңе құл-
дық, қолымнан келген жақсылығымды аямайын, қалауыңды 
айт»,—дейді. Айдос батыр шөл далаға ұрынып, еліне жете алмай 
келе жатқанын айтады. Содан, самұрық құс Айдос батырды қана-
тына отырғызып алып, әп-сәтте еліне жеткізіп салған екен дейді. 
ықылас күйші осы оқиғаға тебіреніп, қобызына салған ғой. 
Шынында да, күйдің басы қанатынан дауыл есіп, көзінің жасы 


266
күй аңыздар
жаңбыр болып, балапанының амандығын ойлап, уайым етіп 
келе жатқан Шыңырау атты самұрық құстың шамырқанған 
мінезін білдіреді. Сонан соң, балапанын көргеннен кейін сабыр-
лы қуаныш, шүкірлік сезім тәтті мұңға ұласып, қобыз тілінде 
жүрек шымырлата сарнайды. 
«Шыңырау» күйінің ел арасында мұнан басқа да аңыздары 
бар. Соның бірі, Шыңырау деген үлкендігі торғайдай ғана ақ 
құс екен деседі. Сол құс жылы жаққа ұшып келе жатып, жолай 
шет-шегі жоқ дарияға тап болады ғой. Алған бетінен қайтпай 
ұша берген екен, бірақ жағалау оңайлықпен жеткізбейді. Ақыры 
қанаты талып, титықтайды. Қанат бүгіп тыныс алар бұдыр бол-
май қалжырап, шыбын жанын қоярға жер таппай шырылдайды. 
Түпсіз дария мұны жұтатын ажалдай болып көрінеді. Со-
дан, дәрмені бітіп, енді суға құлаймын-ау деп келе жатқанда 
дарияның бетінен жоны шығып жүзіп бара жатқан алып ба-
лықты көреді. Сол жерде қанатын бүгіп, балықтың жонына қо-
нып тыныс алады да, дарияның келесі шетіне аман-есен ұшып 
жеткен екен дейді. Ал дария үстіндегі Шыңыраудың қанаты та-
лып, шырылдаған сәтін домбырашы күй етіп тартыпты дейді. 
«Шыңырау» күйінің келесі аңызы да құс туралы. Шыңы рау 
деген бір құс биік шыңға ұя салса керек. Бірде ұядағы аш бала-
пандарына жем алып келе жатса, шыңның басын бұлт шалып 
тұрса керек. ұяға тезірек жетсем деп заулай ұшып келе жатқан 
Шыңырау жартасқа соғылып, етекке құлайды. Қайта көтері ліп 
ұшайын десе, топшысы сынған, дәрмені болмайды. осы кезде 
құз жартастың басындағы аш балапандардың шырылдаған да-
уысы Шыңыраудың құлағына жетеді. Сонда, амалы тау сыл ған 
Шыңыраудың көзінен шерлі жасы сорғалаған екен. 
осынау қайғылы оқиға күй тіліне түскен ғой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет