«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет156/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

279. «Шыңырау»
(Х нұсқа)
ықылас қобызшы жол жүріп келе жатып, бір өзеннің 
жағасындағы жалғыз ағаштың түбіне тоқтаған екен дейді. 
Астындағы атын отқа қоя беріп, ағаштың көлеңкесінде дем ал-
мақ болған. Кенеттен шырылдап бәйек болып, ағашты айнала 
ұшып жүрген торғайға көзі түседі. ықылас ағаштың басына 
көз жіберсе, әлгі ағаштың бұтағында ұя бар екен, содан бас-


266
267
күй және күйшілер туралы аңыздар
тары қылтиып-қылтиып тұрған балапандар көрінеді. олар да 
жанұшыра шырылдайды. Сөйтсе, ағаштың бойымен ұяға қа рай 
жылан өрмелеп бара жатыр екен. Балапандарға жаны ашып кет-
кен, ықылас қамшымен жыланды ұрып өлтіріп, суға тастай ды. 
Сол кезде құс та ұясына жетіпті. Сонда ықылас: «Жыртқыш тың 
аты жыртқыш деген осы-ау. Адам да, жылан да өзінен әлсізге 
зорлық қылады. өмірдегі осындай қарау-қиянаттың қасі ре тін 
қобыз күйімен халыққа жеткізсем» деп ойлаған екен. 
280. «Шыңырау»
(ХІ нұсқа)
Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жа-
тып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің 
көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір 
кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не 
екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы 
жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрген шыңырау құсты 
көреді және бәйтеректің басындағы шыңыраудың ұясында ба-
лапандардың шырылдаған даусын естиді. «Бұларға не болды» 
деп тағы да айналасына қараса, төменде оларды жеуге өрмелеп 
бара жатқан үлкен әбжыланды (немесе айдаһарды) көреді. Шы-
ңырау құс оны ұясына жібермеу үшін арпалысып жүр екен. 
Жаңағы адам дереу қынабынан қылышын суырып алып жы-
ланды шауып өлтіреді. Сөйтіп, құстың балапандарын ажал дан 
аман алып қалады. осыдан кейін шыңырау құс батырмен мәң гі 
дос болуға уәде береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет