276
күй аңыздар
291. «Көкіл» (Көкейге түскен Көкілжан)
(ІІ нұсқа)
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы
болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады.
Қарақамыс аулы-
ның тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші үсен төремен таны-
сып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады.
үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп
тыныққан соң, үсен төренің домбырасын келінінен алдырып,
тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге кірген үсен төре
домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп:
—Домбырамды менің рұқсатымсыз
алып тартуға батылы
жеткен неткен жансың? Ал енді көрсет өнеріңді, егер дұрыс
тарта алмасаң, осы жерде айыбыңды төлейсің?—дейді.
Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан»
атты жаңа бір күйін шертеді. Күйші домбырасы басынан
уайым-қайғы арылмаған кедей қауымның ауыр өмірі,
жаны на
батқан мұқтаждығы жайында күңірене жөнеледі. Сай-сүйек ті
сырқыратқан күй сазы үсен төрені қатты толқытады. Қазан ғап-
тың домбырашылық шеберлігіне таң-тамаша қалған ол орны-
нан еріксіз ұшып түрегеліп:
—япырым-ай, түр-тұлғаңа қарасам, алыстан келе жат-
қан адам тәріздісің, шырағым. Бұл өңірде мен көрмеген, дом-
бы расының үнін естімеген күйші жоқ еді.
Сенің домбыраңнан
төгілген мына күй жан-жүйемді босатты ғой. өмірдің талай
қиын дығын басыңнан өткеріп, мұқтаждықты көп көрген жан
екен сің. ұлықұмның бойында Қазанғап деген кедей,
жалғыз
атты тамаша домбырашы бар деп естуші едім, сол сен боларсың.
Қазанғап болсаң, жоғары шық, төрге оз,—дейді.
—Болсақ, болармыз,—деп Қазанғап төрге шыға берген екен.
Белгілі күйші үсен төре мен Қазанғап осылайша танысады.
Достарыңызбен бөлісу: