«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет164/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

295. Қыз Ақжелең мен Қазанғап
Қарашаның үйіре соққан бораны айналаны ақтүтек етіп 
жіберген. 
—Қарашада соққан боранды алғаш көруім. Сірә, биыл жұт 
болмаса игі еді,—деді екі аттылының егделеу келгені. 
Жолаушылар бұйрат құмның желкесіне шыққанда, таяқ 
тас там жерден жылтыраған от көрінді. Іңір қараңғылығы жаңа 
түсе бастаған шақ еді. Екі жолаушы қазақ дәстүрі бойынша 
сәлем беріп, киіз үйге кіріп келеді. 
—Жем бойын бетке алып шығып едік, мына құтырына 
соққан бораннан жүрісіміз өнбеді, жолай алдымыздан көрін-
ген соң, осы үйге түсіп, қонып шығайық деп келдік, ныспым 
Қазанқап, мына қасымдағы қосшым Ержанның Кәдіралысы,—
деді жолаушылардың үлкендеуі бойлары жылынып, алдарына 
шай келген кезде. 
үй иесінің кесесі қолынан түсіп кете жаздайды. 
—Апыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе? Кәдімгі домбырашы 
Қазанғап па? Апыр-ау, емшегі беріш боп қатып қалған бесті 
нарды күйімен идірген Қазанғап па бұл? 
—Жолыңыз құтты болғай, лайым!—Қазанғаптың көзі кіш-
кене терезе алдына сүйеп қойылған тоғыз пернелі қара домбы-
раға түсіпті. орнынан тұрып, әлгі домбыраны алады да, түрегеп 
тұрған күйі қағып-қағып жібереді. 
—Тартыңыз, Қазеке,—деп үй иесі домбырашының кідіріп 
қалғанын көріп. 
—Жоқ, бұл домбыраның иесі бар екен, оның рұқсатынсыз 
тартуға болмайды. Құлақ бұрауынан иесінің өнерпаз екенін 
көріп тұрмын. 
—Апыр-ай, Қазеке, тегін емессіз-ау! оның иесі өзіміздің 
Ақжелең ғой. Жан дегенде көрген жалғыз балам. ұлым да, 
қызым да сол. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, бозбалаша 
киінген, жасы он төрт-он бестердегі жас өспірім қыз сәлем беріп, 
үйге кіріп келеді. Ақжелең осы еді. 
Шай ішіліп, дастарқан жиылған соң, кезек домбыраға келді. 
Ақжелең қос бұрымын арқасына қарай серпіп тастайды да, 
домбыраның ішегін бір-екі қағып жібереді. 
—Көке, мына домбыраны біреу ұстапты ғой,—деді ол сосын 
жұлып алғандай. 


282
күй аңыздар
—Күнім, әлгінде мынау Қазанғап ағаң байқап көріп еді. 
Қазанғап сонда байқады—қыз солақай екен, домбыра теріс 
бұралыпты. 
—Балам, жасым үлкен болғанмен, әуелі өзің тарт, 
домбыраның бабын бұзбайын,—дейді Қазанғап қыз өзіне дом-
быра ұсынған кезде, Ақжелең домбыраның сағақ пернесін 
басып тұрады да, безілдете жөнеледі. Сүйріктей саусақтары 
бірте-бірте жоғарылап, біресе бәйгеге қосылған аттың шабысы, 
біресе жорға бүлкілдің жүрісі естілгендей болды. Енді бірде сол 
қолдың аты жоқ саусағы ортаңғы пернелердің бірінде дірілдеп 
тұрып алып, екпіндеп келген күй кілт үзіліп еді. 
—Бәрекелде, талабың таудай болсын! Бұл күйің не 
деп аталады?—дейді мына тартысқа арқасы қоза бастаған 
Қазанғап. 
—Сізге жайылған ақ дастарқанның үстінде туып отыр, бұл 
күйдің атын әзір өзім де білмеймін,—дейді қыз. 
—Ата өнерін қадір тұтқан өнерпаз қыздың өзінің атымен 
аталсын, «Ақжелең» болсын,—дейді күйшінің серігі Кәдіралы. 
Күй кезегі Қазанқапға келгенде, Кәдіралы денесімен күйші-
ге бұрыла қарады. Құдіретті саусақтардың ізін аңдып, көкейіне 
тоқып отырғандай. Қазанғап күйін кейінгі ұрпаққа жеткізсем 
деп құштарлық тұла бойын билеп алған... өте бір аяныш ты, 
зарлы әуен отырғандардың еңсесін түсіріп жібереді. Күйші 
саусағы сағаға барған кезде Ақжелеңнің көзінен бір тамшы жас 
тамып кетіп еді. 
—ойпыр-ай, Қазеке, сіз тартқанда домбыра сөйлейді деу ші 
еді, рас екен, елді тағы бір аласапыран оқиға күтіп тұрмаса бо-
лар еді?..—дейді отырғандар. 
—Биылғы жылдың бастауы жаман. Айтуға аузым бармай
осы домбыраға ғана ерік беріп отырмын, бұл көптен көкейімде 
жүрген «Көкіл» еді,—деп Қазанғап төмен қараған күйі ләм-
мим деместен едәуір уақыт отырып қалады. 
Сол жылы елде жалпақ жұт болыпты деседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет