346
347
ҒылыМи ҚоСыМШАлАр
лерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шыға рып,
орындаушылық, күйшілік өнерімен танылған. Қазақстан ның
батыс аймағын, Түркіменстан,
Қарақалпақстан, Хиуа айма-
ғын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түсті. Абыл-
дың «Абыл», «Ақжелең» (Абыл нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ
құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күй-
лері сақталған. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, өскенбай,
Арал, Құлшар, Қауен, Есір т.б. күйшілер өздерін Абылдың
шәкірті санаған, әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық
дәстүрін
жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.
Абылай хан /1711-1781/—қазақтың ұлы ханы, мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан,
бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек,
кейін ер
Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бе-
сінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: қазақтан уәлибақы,
қалмақтан Тәуке хан туады. уәлибақыдан Абылай. Ал енді
Шәді Жәңгірұлы таратқан шежіре бойынша, Абылай Жошы—
Тоқайтемір әулетінің өзге бір бұтағынан
тарайды және аштар-
ханид Әбілфайыз ханның (Бұхара ханы) баласы деп саналады.
Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр
болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер Абы-
лай» атанған. Абылайдан Көркем уәли, одан Абылай (Әбіл-
мансұр) туады. Аңыз бойынша, Абылай жетім қалып, үйсін Төле
бидің қолында тәрбиеленеді. Абылай қаһарлы хан болуымен
қатар, қазақ халқының рухани
мұрасынан еркін сусындаған
дарынды күйші ретінде де белгілі. оның «Ақ толқын», «Ала-
байрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жа-
сында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында қай тыс
болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет яссауи кесене сінде
жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: