«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет206/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Әйтеке би Байбекұлы /1644-1700/—қазақтың атақты үш 
биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан шық-
қан. Атақты Жалаңтөс батырдың немере туысы. Тәуке хан 
құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының атынан мүше бо-
лып сайланған, «Жеті жарғының» өмірге келуіне айрықша 
еңбек сіңірді. Халық биді «Айыр тілді Әйтеке» деп те атаған. 
Әлімұлы—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Ше-
жіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Әлімнің атасы—


350
күй аңыздар
Қаракесек. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде 
«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын Көлдейбек-
ұлы Ерімбет (1850-1911) шежіресінде Әлімұлына жаманақты 
(шекті), қарамашақты (төртқара), айнықты (қарасақал), ұла-
нақты (қаракесек), тегінболатты (қарасақал), тойқожаны (ақ 
кете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, 
зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші ө.Ахметов те қостайды. 
Әлімнің тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—төртеу. 
олар: жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық.
 
Әшім Дүңшеұлы /1896-1962/—күйші. ҚХр, Іле Қазақ 
обылысының Күнес ауданында өмірге келген. Әкесі Дүңше 
ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім 
домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға 
аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытай дың 
ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. өзі де «Ақ ерке», «Ақ 
толқын», «Таң бұлбұлы», «Сыбызғы үні», «Аққу келді», «Күй 
қайтарма», «Арман-ай» т.б. күйлерін шығарған.
Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре 
бойынша, байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталары-
на бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын қо-
ныстаған. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күш-
пен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым т.б. билер мен батыр лар 
шыққан. ұраны—Дәуқара, таңбасы—бақан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет