«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет205/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Асан қайғы Сәбитұлы /XIV ғасырдың соңы—XV ғасырдың 
басы/—мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ке-
рей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.
Асан қайғы заманында Алтын орда ыдырап, оның орны-
на Қырым, Қазан, өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ор-


348
349
ғылыми қосымшалар
дасының тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы 
хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапы-
ран кезеңдермен тұспа-тұс келді. Асан қайғы қазақ халқының 
ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Ке-
рей, Жәнібек сұлтандарды жақтады. Шу мен Арал аралығында 
Қазақ ордасы құрылған кезде Асан қайғы жаңа мемлекеттің 
ұраншысына айналды. 
ол іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұр-
тын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғам ның үлгісі, 
қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы еді. 
Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып, тол-
ған ған абызды халық «Асан қайғы» деп атаған. Жаңа хандық-
қа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа 
жетуін көздеген. осы мақсатты көздеп, ол осы хандыққа қазақ 
руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. 
Әбілқайыр хан /1693—12.08.1748/—қазақ ханы, қол-
бас шы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—өсектің ұрпағы, 
Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы 
деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, 
ша буыл дарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің 
ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кет-
кендіктен ресей империясынан көмек сұрап Сібір губерна-
торы М.П.гагаринге хат жазған. 1726 жылғы ордабасыдағы 
Құрылтайда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайла-
нады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздық 
өршіп, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс 
билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айында 
ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант бе-
реді. 1748 жылы ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр 
ханды орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға 
өзенінің өлкейекке құятын тұсында жерленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет