Ақынбайұлы Дәулет /1924-?/—қобызшы. Қобыз күй ле-
рінің аңыз-әңгімесін жақсы біледі. Жамбыл облысына қарас ты
Сарысу ауданындағы «Жайлаукөл» совхозының тұрғыны.
Дәулет—белгілі қобызшы, күйшісі ықылас Дүкенұлының
туған немересі. ықыластың Дүйсенбай, Түсіпбек, Ақынбай
атты үш ұлы болған. Ақынбайдың баласы Дәулет. ықыластың
қара қобызы осы Дәулеттің қолында сақталған көрінеді.
Ауғанбаев Шанақ /1912-?/—сыбызғышы.
Шығыс Қазақ-
стан облысына қарасты Қатонқарағай ауданының Тайпақ село-
сындағы Топқайың деген жерде туған. ол кезде бұл жер Таңба
ауылы деп аталған. Шанақ сыбызғы тарту
өнерін әкесінің аға сы
Төти, нағашы ағасы Сүлеймен деген кісілерден үйренген.
Шанақ сыбызғы тартудың тамаша шебері болумен бірге,
сыбызғыда тартылатын көптеген халық күйлерін бүгінгі күні-
мізге жеткізген адам. оның репертуарында «Ертіс толқыны»,
«Жамал-ай», «Жесір әйел», «Жетім қыз», «Телқоңыр», «Боз-
інген», «Қалмақтың күйі», «Балжыңгер», «Жорға аю», «Көк
бұға» сияқты ондаған күй бар. Қазақтың көптеген музыка
зерттеушілері Шанақтың тартуында көптеген сыбызғы күй-
лерін алғаш рет нотаға түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: