«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет241/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Әсемқұлов Талас /1956/—домбырашы, белгілі жазушы. Се-
мей облысының Шұбартау ауданынан. Әйгілі күйші Байжігіт-
тің мұрасын тұңғыш жеткізіп, нотаға түсуіне, күйтабаққа жа-
зылуына себепші болған. 
ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасқан Байжігіттің мол мұ-
расын нәшіне келтіре тартқан соңғы тұяқтардың бірі Жүніс-
бай домбырашы болған. Жүнісбай өз кезегінде бойындағы асыл 
өнерді жиені Таласқа үйреткен. 
Әубәкіров Ілияс /1895-1967/—белгілі домбырашы. Қара-
ғанды облысының Теңіз ауданында туылған. Кезінде үкілі 
ыбырай, Балуан Шолақ сияқты өнерпаздардың жанына еріп


386
387
ғылыми қосымшалар
серілік құрған. Балуан Шолақтың «Ғалия» әні арналатын ару 
Ғалияның қолынан қымыз ішкен. Жастық желікпен барымта-
сырымта жасап, Сібірге жер ауған. 
Кеңес заманында Ілияс өз бойындағы күйшілік, әншілік, 
жыршылық қасиеттерін жарқырата көрсетті. 1934 жылы өт-
кен халық дарындарының Бүкілқазақстандық байқауында 
Әубәкіров Ілияс күй тартуда екінші орынды жеңіп алды. 
Ілиястың репертуарында «орақ зары» сияқты халық күйі, 
Абылай ханның «Садақ қақпай» деп аталатын күйі болған. Со-
нымен бірге өз жанынан «Толқыма» деген күй де шығарған. 
Әшімов Шәміртаза /1908-?/—белгілі домбырашы. Жез-
қаз ған облысының Балқаш қаласында туылған. Жеті атасы-
нан бері қарай әншілік, күйшілік дәстүрі үзілмей келе жатқан 
әулеттің ұрпағы. Домбыра тартуды ағасы Шыраттан үйренген. 
1935 жылы М.Калининнің Қазақстанға келуіне байланыс-
ты қойылған салтанатты концертке А.Жұбановтың шақыруы 
бойынша Шәміртаза да қатысып, толымды өнері үшін бағалы 
сыйлық пен мақтау грамотасын алған. 
Әшімов Шәміртаза халық күйлерін нәшіне келтіріп тарту-
мен бірге, өз жанынан ән-күй де шығарады. оның «Жас дәурен» 
әнін өз төңірегі қызыға айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет