«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет61/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

116. «Ақсақ құла» 
(І нұсқа)
Ертеде біреудің құла тұлпары болыпты. Сол тұлпардың 
тұқымын көбейтемін деп, тұлпардың қасына бие қосып, екеуін 
теңіздің ортасындағы адам жүрмейтін аралға апарып тастап ты. 
Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайды екен. 
Арада біраз жылдар өтіп, тұлпардың тұяғы көбейіп, бір үйір 
жылқыға жетеді. осы тұлпардың аралда деген хабарын естіген 
ұрылар Құланы үйірімен алып кетпекші болып аралға барады. 
Әуелден мінезі тентек, оның үстіне көп жылдан бері адам көр-
мей жатырқап қалған тұлпар ұрыларды көре сала шабуылға шы-
ғады. Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, ұрыларды 
жолатпайды. Айғырмен арпалысып, әбден шаршаған ұры лар 
алдырмайтынына көздері жетіп, тұлпарды амалсыздан садақ-
пен атады. оқ құланың аяғынан тиіп, ақсатады. Жаралан-
ған Ақсақ құла бұрынғыдан да қатуланып, ұрыларды тапауға 
шығады. Әлсіреген қарақшылар бір шұңқырға түсіп жан сақта-
мақ 
шы болады. Мұны көріп ашуланған Ақсақ құла айғыр 
өзінен өр бі ген бір үйір тұқымын бастап ұрылардың үстінен 
тапап өтіп, олар ды жаншып кетеді. Сөйтіп, тұлпар үйірімен 
жауын талқандап, тыныш өмір сүріпті,—деседі. 
117. «Шұбар ат» 
Ертеде Мәмбетәлі деген жігіт бір күні нағашысының ауылы-
на қыдырып бара жатып, жолшыбай шұбаған көшке кездеседі. 
Мәмбетәлі көш бастаушы қарттан амандық сұрасып, өзінің 
беталыс жолын айтады. Бұлар да сол бағытқа қоныс аударып 
келеді екен. Біраз жүрген соң, көштің жетегінде келе жатқан 
ала бие құлындайды. Сонда қарт: 
—Шырағым! Жолдан қосылған қонақ едің, мына бие де да-
лада құлындады, жолымыз болар, саған берген сыйым бол сын,- 
—деп, шұбар құлынды Мәмбетәліге беріпті. Мәмбетәлі жас 
құлынды шапанына орап, нағашысының үйіне алып келеді де, 
аз ғана уақыт бағып, үйірге қосып жібереді. 
Арада біраз жылдар өткенде Мәмбетәлінің мініп жүрген 
аты орға құлап мертігіпті. Енді жаяу қалған Мәмбетәлі наға-
шысының жылқысына келіп, таңдаған жылқысына құрық са-
лады. Бірақ құрық бұрыннан өзіне белгілі кербез торыға дары-


110
күй аңыздар
май, шұбардың мойнына түсе береді. Ақыры Мәмбетәлі Шұбар 
атты үйіне әкеліп үйретеді. Шұбармен аңға шығып, талай рет 
қасқыр, түлкілерді соғып алады. Баяғы жолда туған құлын бұл 
күндегі Шұбар ат, оны, әрине, Мәмбетәлі бәйгеге шабады деп 
ойламайды, жарыстарға да қоспайды. 
Бір күні көрші ауылда той болып, оған Мәмбетәлі де бара ды. 
Тойға шабатын аттарды көріп, «Шұбарды да сынайыншы» де-
ген оймен Мәмбетәлі жүйріктердің қатарына Шұбарды бай лап, 
өзі шеткері тұрады. Бәйгіге қатысатын сәйгүліктерді көруге 
келге сыншы: 
—осы жарыстың жүлдесін анау тұрған шұбар алады. өзі 
кәрі ат екен. Ең болмаса, өлерімнің шағында бір рет топқа түс-
пе дім-ау, деп тұрған сияқты. Сол жануардың жанын қинамай-
ақ, байрағын беріңдер,—дейді. 
Бұрын бірінші орын алып дәніккен, осы жолғыдан да үміт-
кер билер сыншының бұл айтқанын жақтырмайды. Ат айдау-
шы бәйгіге шабатын сәйгүліктерді бөлек шығарып, ертең таң-
да көмбеден жіберілетінін хабарлайды. Мәмбетәлі сол жерден 
Есен деген баланы Шұбарға мінгізіп, топқа қосып жібереді. 
Таңғы салқынмен қаз-қатар жіберілген аттар ілгері қарай 
лап қойғанда, шұбар ең соңында қалады. Жол ұзаған сайын 
жүйріктердің аралары ұзап, бір-бірінен алшақтай түседі. Арт-
тағы Шұбар біраз шапқан соң денесі қызып, бауырын жаза 
бастайды. Алдындағыларды біртіндеп қуып жетіп, ілгері аса 
береді. осылайша, Есен соңғы қарақшыға келіп: «Алда кім 
бар?» деп сұрайды. 
—Бірінші болып бара жатқан Ақбақай мен Қаракер жаңа 
ғана өтті,—дейді қарақшы. 
Мұны естіген Есен Шұбармен ілгері ұмтылады. Қызып алған 
Шұбар жер танабын қуырып, Ақбақай мен Қаракерді ілезде 
қуып жетеді. Біраз тізгінін тежеп, қатарласа шауып, ел қарасы 
көрінген шамада Шұбар жеке алға шығып, құлдырай жөнеле-
ді. Сөйтіп, Ақбақай мен Қаракерден бір төбе ұзап алға кетеді. 
Аттардың келуін асыға күткен халық көз ұшынан көрінген 
жалғыз қараны: «мынау келе жатқан, бұрын жарыстың ал-
дын бермейтін Ақбақай ғой» деп тұрғанда, шұбар ат болып 
шығады. 
Шұбардың бірінші келгеніне сыншыдан басқа адам сенбей-
ді. Әсіресе, Ақбақайдың иесі, би: 


110
111
халық күйлерінің аңыздары
—Шұбар көмбеге бармай, жолдан қосылған, сондықтан бәй-
гі менікі,—деп жеңістік бермей тұрғанда ат айдаушы келеді. 
Халық оны ортаға алып: «Шұбар атты көмбеден көрдің бе?»—
деп сұрайды. Сонда ат айдаушы: 
—Барлық ат бірге кеткенде шұбар ең соңында қалып қойған 
еді,—дейді. Мұнан соң ылажы қалмаған билер шұбар аттың 
бәйгісіне қарсылық ете алмайды. Мәмбетәлі бәйгіні алып Есен-
ге береді де, өзі үйіне қайтады. Сол шұбар аттың шабысына 
жиналған ел разы болады. Әсіресе осы жиынның ішінде болған 
бір домбырашы шұбарға көңілі толып: «Қараның бір аты, бидің 
мың атына тұрады»,—деп, «Шұбар ат» күйін шығарыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет