«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет165/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

296. «Кіші Қаратөс»
Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты дом-
бырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен. 
Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі 


282
283
күй және күйшілер туралы аңыздар
жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген 
Қаратөс оған: 
—Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені 
көріп, ізімді басар іні барына қуанып отырмын. Сен әлі жассың, 
талабың алда. Менен кейін сені көрген адамдар «мынау екінші 
Қаратөс» екен дейтіні анық. Мен саған шын ниеттен батамды 
бердім, өнерің өрлеп, өсе берсін,—деп риза болыпты. 
Қаратөстің өнерін бағалағанына, ағалық тілегіне разы бол-
ған Қазанғап сол жерде бір күй тартып, «атын өзіңіз қойыңыз» 
деп Қаратөске қолқа салыпты. Сонда ол аз ойланып: 
—«Ізіңді басар іні болса, еңбегіңнің жанғаны» деген екен 
бұрынғылар. Бұл күйдің аты «Кіші Қаратөс» болсын,—дейді. 
—Ал, жарайды, бұл тартқаным «Кіші Қаратөс» болса, мына 
күйдің аты «үлкен Қаратөс» болсын,—деп Қазанғап Қаратөске 
арнап күй тартады. Інісінің мұндай құрметіне аса разы болған 
Қаратөс домбырасын жас күйшіге сыйлапты. 
ЕРАЛЫҰЛЫ МӘМЕН /1859-1931/
297. «Ақшолпан» 
(І нұсқа)
Мәмен «Ақшолпан» күйін өткен заманның атадан балаға 
жеткен бір аңыз әңгімесін естігенде шығарып еді дейді. 
Қазақтың бүйіріне шаншудай қадалған қалмақ заманы бол-
са керек. ол кезде әйгілі Төле, Әйтеке билер тірі екен. Күндердің 
бір күнінде ұлы жүз бен Кіші жүздің жапсарындағы ауылдар-
дың арасында кикілжің болып, Кіші жүз жағының жігіті жа-
зым болады. Содан, арада біраз уақыт өтсе де, ұлы жүздің ауы-
лы теңдік бермей, өлген жігіттің арты «бір арысымыздың құны 
сұраусыз қалды-ау» деп, пұшайман болып жүреді екен. 
осы жағдай Кіші жүздің Әйтеке биінің құлағына шалына ды 
да, «қой, ағайын елдің арасында көлеңке болмасын, бітіс ті ріп 
қайтайын» деп жолға шығады. 
«Тура бидің дүбірі күншілік жерден естіледі» деген сөз рас 
болу керек, бір күні ұлы жүздің Төле биіне «Әйтеке би құн дау-
лап келе жатыр» деген хабар жетеді. Биге деген құрмет—елге 
деген құрмет. Төле би ауылы жұртын жаңғыртып, көк майсаға 
арнайы үй тіктіріп, Әйтеке биді құрметпен қарсы алады. 


284
күй аңыздар
Әйтеке би әбден жайғасып, бірер күн тыныққан соң, сөз 
орайы келгенде Төле би: «иә, Әйтеке, жолаушының көргені көп 
болады, көргені көптің айтары көп болады, сөйлеп отыр»,—
дейді. 
Сонда Әйтеке де осы сөзді күткендей: «Е, Төке, иісі қазақтың 
қамын жеген ағасысың, еліңе алтын тонның жағасысың. Көпті 
көргеннің айтарының да көп болатыны рас. Көргенімізді айту 
бізден болсын. Көргеннің бәрін айту шарт емес, түйгенді ғана 
айтқанға не жетсін. Менің түйгенім, ел болудың кепілі—тірімен 
танысып, өліге болысып отыру екен»,—депті. 
Қашанда жөн сөздің жағында болатын Төле би ризалық 
білдіріп: «уа, Әйтеке, біздің басымыз бір жағаның, білегіміз 
бір жеңнің ішінде емес пе?! Қызметіңе дайынбыз, артық-ауыс 
іс болса оған да қайылымыз. Қолыңды қағып, жолыңды шалар 
ешкім жоқ. Қылышың болса, мойын басық, құшағың болса, 
қойын ашық»,—дейді. 
Би ағасының ұлағат сөзіне риза болған Әйтеке де жадырап, 
жылы шыраймен: «Би аға, сөзіңізден садаға, бұйрық сізден бол-
са, жабдық бізден болсын!»—деп сөзін түйіндейді. 
осымен әңгіме бітеді. Әйтеке бидің жанындағылар ештеңе 
түсінбей аңтарылып қалады. Содан бой жазуға сыртқа шық-
қан бір сәтте Әйтеке биден жанындағылардың біреуі: «Келген 
шаруамыздың сөз болмағаны қалай?» деп сұраса керек. 
Сонда Әйтеке би: «Келген шаруамыз сөз болып қана қойған 
жоқ, шешімі де айтылды. Төле би бізге жасаулы қыз беретін 
болады»,—дейді. 
Айтса айтқандай, Әйтеке би осы жолы ұлы жүзге қадірі 
артқан Назар деген кісінің Ақшолпан есімді қызын жасауымен 
алып қайтады. Кейін осы Ақшолпаннан әйгілі өтебас би туып-
ты дейді. 
Міне, ілгері буынның осы сияқты ірі істерін естіген Мәмен 
қатты тебіреніп отырып «Ақшолпан» күйін шығарған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет