288
289
күй және күйшілер туралы аңыздар
алды-артының ұшығы жеткізбес уақыт... Балапандар үстін
көлеңке
шалса болды, шырылдап аузын ашады. Анасынан жем
күтеді... Ал көкте жалпылдап жапалақ ұшады, жалтылдап
тұрымтай қалықтайды. Қарайғанның бәрінен қайырым күт кен
балапандардың кез келген сәтте жапалақ пен тұрымтайға жем
болуы оңай...
Сонда бұл балапандар осынау жарық жалған, кең дүниеге
не үшін келді?! Не көрді?! Не тындырды?! Дайрабай өз өмірін
ұядағы сары үрпек балапандармен салғастырады. Панасыз
бейбақ балапандарға мұңдасындай елжіреп қарап, жан дүниесі
құлази толғанады...
Кейін
осы көрініс, осы бір сезім Дайрабайдың есіне қайта-
қайта оралып, ақыры күй тіліне түсіп еді дейді.
302. «Дайрабай»
(ІV нұсқа)
Дайрабай—әңгімеге шебер, әзілге ұста, ашық-жарқын адам
болыпты. өзі әнші, күйші, сері атанған, жалғыз атты кедей
екен. Бір күні Дайрабайды Алтайдағы Тобықты Құбылтай де-
ген нағашысы шақырады. Бірақ ел арасына өзінің өнерімен аты
шыққан Дайрабай,
қолы тимей, бұл шақыруға бара алмайды.
Сөйтіп жүргенде елде үлкен той болып, сол жердегі Көбен де-
ген бай ағайыншылап, Дайрабайдың жалғыз Көкбесті атын
өзімсініп, бәйгіге қосады. Ал Дайрабайды күреске шығарады.
Досбай, Көлбай еліндегі тойдың осы ат шыбыс жарысын-
да Дайрабайдың көкбестісі бірінші болып келеді. Дайрабай
белдескенін жығады. Бірақ бұл бәйгінің бәрін Көбен бай өзі
алып, Дайрабайға ештеңе бермейді. Той бітіп,
ауылға келген
соң, Көбен Дайрабайдың көкбестісін тартып алып, өзін елден
қууға әмір етеді.
Көбен Көкбестіні кісендеп, қасына төрт кісі қарауыл қояды.
Дайрабай—өз атын қалай да қайтарып алу үшін күнде кісенде
тұрған атты аңдумен болады. Ақыры сәті түсіп, бір күні Дай-
рабай ат күзеткен қарауылдардың үшеуін ұрып жығып, атқа
ұмтылғанда басқа адамдар келіп қалып, ол өз басы зорға қашып
құтылады. Мұнан кейін Дайрабайдың соңына қуғыншылар
түсіп, жан-жақтан іздейді. олар
қанша іздегенімен, халық
өздері сүйген өнер иесін ұстап бермейді, қайта жасыра түседі.
19-136
290
күй аңыздар
Аттан айырылып қаламын ба деп қорыққан Көбен бай енді
көкбестіні қараңғы түнекке құлыптап ұстайды. Сол ауылдағы
Дайрабайдың тілеулестері Көбен байдың атты жасырған же-
рін Дайрабайға хабарлап, оған көмектесуге әзір екендіктерін
білдіреді. Бір күні Дайрабай жігіттердің жәрдемімен үйдің
төбесінен түсіп, аттың
аяғындағы кісенді сындырып, үйдің
қабырғасын бұзып, көкбестіні алып қашып кетеді.
Дайрабай сол кеткеннен Алтайға асып, баяғы өзін шақырып
жүрген Құбылтай нағашысына бет алады. Жолшыбай бір ауыл-
да болып жатқан тойдың үстінен шығып, осы тойда Кәмшат
деген қобызшы қызбен танысады. ол қыз да Тобықтыға жиен
екен.
Тойда Кәмшат қобызбен, Дайрабай домбырамен өз мұңда-
рын шертеді. Бұлардың тартысын халық қызыға тыңдайды. Бі-
рақ не айтып, қандай сыр шертіп отырғандарын жете түсін бей-
ді. Сол күні Дайрабай—өзінің
жалғыз екендігін, кедейлік тің
салдарынан байлардың қысымына шыдамай осы жаққа кетіп
қалғанын баяндаса, Кәмшат—өз әкесінің жоқтығын, жетім-
дік өмірін айтады. осылайша, екеуі музыка тілімен бір-бірін
ұғысып отырғанда, бозарып таң да атады.
Ертемен Кәмшат тың
өгей әкесі сауда істеуге базарға кетеді.
Сол күні Дайрабай Кәмшатты алып нағашысының ауы лына
қарай қашады. Бұлардың артынан қуғыншылар шығады. Ал-
тай жеріне жете бергенде Дайрабай мен Кәмшатты қарақшылар
ұстап алады. ұрылар бәрі жабылып Дайрабайды ұрып-соғып,
үлкен қара тасқа матап байлап, Кәмшатты алып кетеді.
Дайрабай сол жерде екі күндей байлаулы жатып, әрең деген-
де ретін тауып босанып, жаяулап нағашысының үйіне жете ді.
Нағашысы жиенін көріп қуанып, елін жинап той жасайды. осы
жиында Дайрабай бастан кешкен оқиғасын түгел баяндай оты-
рып, домбырамен бір күйді екпіндете тарта беріпті. Күйді
бері ле
тыңдаған Алтай елінің адамдарының ішінен бір қарт:
—Шырағым-ай! Адамның жан-дүниесін қозғаған мына тарт-
қан сазыңның аты не еді?—дегенде, Дайрабай:
—өздеріңіз де сезіп отырсыздар ғой Дайрабайдың жайын,
бұл күйді «Дайрабай» десеңдер де болады,—депті.
Сөйтіп «Дайрабай» күйі дүниеге осылай келген екен деседі.
290
291
күй және күйшілер туралы аңыздар
Достарыңызбен бөлісу: