«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет166/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

298. «Ақшолпан» 
(ІІ нұсқа)
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан 
атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты 
сай, төңірегіне ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек. 


284
285
күй және күйшілер туралы аңыздар
Сонсоң да ел-жұртқа еркін, ерке болып бой жетіп еді дейді. Той 
үстінде, бір жағы сол еркелігі бар, бір жағы қимастық сезімі 
бар, Шолпан қыз төңірегіндегі құрбы-құрдастарына бір ба-
зына айтады: «Қадірлі көз көрген құрбы-құрдастарым, қыз 
дәурені қызғалдақтай келте екен, бауыр басып, бой жеткен 
ел-жұртымды қимай, көңілім алабұртып отыр. Менің осы бір 
көңіл-күйімді күй тілінде сөйлетер кім бар?!»—депті. 
ойын-тойдың өнерпазсыз болмайтыны қашанғы әдеті емес 
пе, сол жерде аққу мойын домбыра қолдан-қолға көшіп, небір 
әсем күй күмбірлей тартылады. Бірақ бұл күйлердің ешқайсысы 
Шолпанның көңілінен шықпайды. Бәрі де бұрын талай тарты-
лып, талай естіліп жүрген күй болса керек. Шолпанның нәзік 
жүрегі жаңа саз, тың сарын тілеп, қазіргі көңіл-күйіне үндесер 
күй іздейді. 
осы кезде домбыраға Мәмен қол созады. отырғандар 
алғашқыда көлденеңді көк аттының үйреншікті қонақкәдесі 
бо лар деп мән бере қоймайды. Бірақ Мәмен домбыраны баптап 
алып, лекіте қағып жөнелгенде үйдің іші сілтідей тынады. Күй 
сұ лу сазына қоса мұңды сырымен жан тербейді. Сол қалпында 
қызуы басылмастан лекілдеп келіп тынады. Шолпан қыздың 
жанарына таңғы шықтай мөлдіреп жас іркіледі. ризашылы ғы-
ның белгісіндей, Шолпан орнынан тұрып, өз қолымен Мәмен-
нің иығына шапан жабады. 
осы жолы тартылған күй ел ішіне «Ақшолпан» деген атпен 
тараған екен. 
ЕРНАЗАРҰЛЫ ДАЙРАБАЙ /1860-1937/
299. «Дайрабай»
(І нұсқа)
Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына 
Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда 
мен құданың бастары сай келіп, сөздері жарасқан соң, болашақ 
күйеу бала жөн-жоралғысымен қыз көруге барады. Сол салтпен 
Көбен байдың баласы да қыз көруге шығады ғой. Бұл өзі, ата 
дәулетімен алшаңдап өскен, өмірдің ыстық-суығын көрмеген 
бос белбеу, боркемік жігіт болса керек. Сонсоң да, Көбен бай 
сырмінез баласының жанына сол кездің өзінде-ақ өнерімен ел-


286
күй аңыздар
жұртқа мойын бұрғызып, сал-серілігімен танылған Дайрабай-
ды қосады. 
Көбен байдың баласы мен Дайрабай Ереймен тауын ен жайла-
ған Қанжығалы еліне келіп түседі. Көруге келген қызы сол елдің 
қадірлі бір байының мәпелеп өсірген жалғызы екен. Есімі Ажар 
болса керек. Ажар десе дегендей, атына заты сай ару еді дейді. 
Мұндайда қыз беруші жақтың да, қыз алушы жақтың да 
бір-біріне сын көзбен қарайтын әдеті. «Қоянның түрін көріп, 
қалжасынан түңіл» дегендей, Көбен байдың баласын алғаш 
көргеннен-ақ Ажардың көңілі толмайды. Бас қосқан отырыс-
тарда әрі-бері сөйлесіп, қылық-қасиеттерін байқаған соң, тіп-
тен түңіле түседі. оның есесіне, күйеу жолдас болып келген 
Дай рабай өзінің түр-тұлғасымен, ақыл-парасатымен Ажар дың 
ықыласын аударады. Әсіресе аста-төк арқалы өнерін көрген де 
Ажардың нәзік жүрегі бұлқына соғып, жастық сезімнің жа-
лынына шарпылады. Дайрабайға қарап жүзі нұрланса, Көбен 
байдың баласына қарап мұңаяды. Іштей тағдырына налып, 
оңашада көз жасына ерік береді. 
Ажар қыздың жан бұлқынысын Дайрабай жазбай таниды. 
Жай танып қана қоймайды, бұл да Ажардың ақыл-көркіне 
сүйсініп, сұлу сезімге бой алдырады. Әсіресе Ажар қыздың жан 
жадыратар әзіл-назы, жүрек елжіретер ерке қылығы, енді бір-
дегі қиялға қанат бітірер сыршыл сұхбаты Дайрабайды ай рық-
ша арқаландырып, шабыт тұғырына қондырғандай болады. 
Міне, осындай бір шақта Дайрабай өзінің сезім күйі мен 
Ажар қыздың қылық-қасиетін домбыраға салып еді дейді. Бұл 
күйі ел ішінде «Дайрабай» деген атпен тарайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет