316
317
күй және күйшілер туралы аңыздар
жан, домбырамды әперші?—деді. Көптен бері қазалы болған-
дар дың батақор қайғысымен қам көңілді жүрген Көкежан ның
әжім сіз сары қызыл жүзіне алауы өшкен әлдебір күңгірт кө-
лең ке қонақтаған сияқты. Жарының
әлгі айтқан сөзінен оның
жүрегі зу етіп төбесіне шыққандай болды.
Көкежан көзіне жас іркіп, үлкен абдыраның қақпағын
ашып, домбырасын алып берді де:
—Қайдағыны айтпаңызшы, қорқам, «жақсы лепес—жарым
ырыс» қой! Кеңшілігі
бар Құдайым сақтар өзі,—деді кейісті
үнмен тіл қатып.
Мүкей домбырасының құлақ күйін теңшеп алды да, бір саз ды
ырғақты қоңыраулата қағып келіп, сәл тыныстағандай күбірлеп:
—ой, дүние-ай десеңші! Қайран өмір зымырап өттің ғой!...
Сайранды шағым—ұстаспас сағым,—деп ауыр күрсінді. оның
жын
буған бақсыдай дірілдеп, қалтырап тұрған тұла бойын
өз еркінен тыс бір қысым күш кернеп тұрған тәрізді. Соңғы
сазды ырғақты қайталап шерте береді.
Бұл осы бір тұңғиық
түннің соңғы толғанысынан туған күй—«ой, дүние-ай» еді.
Жарық дүниені—тіршілік күресін қимастықтан туған асқақ
армандарға толы күйші жүрегі осылайша ақырғы рет өмірімен
қош айтысты. Күйші өмірден кетті. онан ұрпақ қалмады. Бірақ
оның артында өлмейтін күй мұрасы қалды.
Достарыңызбен бөлісу: