318
күй аңыздар
—Қызды мен домбыра шертіп айналдырам, сендер сол орай-
да аттарды қайтсеңдер де алып шығыңдар!—дейді де,
кеште
қыз отырған киіз үйге барып:
—Бикеш, күйіңді шерт, естиін деп келдім,—дейді. Бұл
ұсынысты қабылдаған қыз домбырасын шертеді. Бірақ бей-
таныс кісіден тартынып, шабыттанып шерте алмайды. Сон-
да Мүкей қыздың домбырасын сұрап алып, «Қос қағу» деген
күйді безілдетіп ала жөнеледі. Ершіммен еркін шертілген күй
сазы
қызды бірден баурап, өзінің ат күзетіп отырғаны мүлде
есінен шығып кетеді. Күйді бір ауық шертіп серіктері аттарды
шығарып болды-ау дегенде, Мүкей қызға қош айтып жөніне
кете береді. Қыз күйші жігіттің аты-жөнін сұрап қалмағанына
өкініп қалыпты. Бір кезде
аттың жоғалғанын білген қыз, ата-
анасына айтудан қорқып, қасындағы қыздарға да: «Адам келді
деп айтпайық, ұйықтап қалыппыз деңдер»,—деп үйретіп
қояды. Көр заман жер-көкті шарлап таба алмай күдерін үзген
бай торығып отырғанда, қыз баяғыда жігіт шерткен күйді
шертеді екен. Әкесі бұрын қызының мұндай күйді шерткенін
естіп көрмегендіктен таңырқап: «Мұны қайдан үйрендің?» деп
қузай бастайды. Қыз шынын айтады. Сонда бай:
—Балам-ау,
бұрын неге айтпайсың, аттар табылды емес
пе?!—дейді қуанып. Сонан ол Ертісті өрлей біткен домбыра-
шыны іздепті. Күйін тыңдайды. Бір күні Шақабай Мақатжан
дегеннің үйінен әлгі қызы шерткен күйді естиді. Бай бұл күй-
дің жайын сұрағанда, ол:
—Қаратаудағы Мүкей дегеннің «Қос қағуы» осы,—депті. Со-
нан бай Мүкейді іздеп Еренқабырғаға барса, екі аты кермесінде
байлаулы тұр екен. келген адамның бұйымтайын сезген Мүкей
алдынан
шығып қарсы алып, қонақ қылыпты, қонақ әбден
тыныққан соң, Мүкей домбырасын алып:
Телқоңырыңызды міндім, жүрісі мынау екен,
Майда жа лы-
ңызды міндім, жүрісі мынау екен, сізді осында алып келген қос
қағуым мынау,—деп үш күйді шертіп берген екен.
Достарыңызбен бөлісу: