320
321
күй және күйшілер туралы аңыздар
жалғызының тілеуін тілеп, оны бағып-қағып ұшатын күйге
жеткізеді. Бір күні балапанын ұядан ұшырып шықса, балапа ны
шыңырау құзға түсіп кетеді. «Енді жалғызым да қарамай кет-
ті-ау!»—деп зарлап, налып мекеніне кетіп қалады.
Келесі жы-
лы және келіп ұялап, екі жұмыртқа табады. Бір күні ұрғашысы
жұмыртқаны шайнап ұядан ұшып шығып,
қасындағы ағаш-
тың саясына қонақтап, ұяға қарап отырса, аспаннан бір қара
құс екі аяғын салбыратып ұшып келіп ұяға түседі де, қайта тік
ұшып шығып кетеді. Самұрық құс бұған таң қалып, «бұл тегін
емес, мұнда бір сыр бар», деп түйеді. Сөйтсе, айтқандай, аспан-
нан ұшып түскен
құс жыртқыш, қасыкөй құс екен. өзінің бір
жұмыртқасын әкеліп, самұрықтың бір жұмыртқасын алып
кетеді екен. Мұны білген самұрық балапанына зар жылап
қысқы мекеніне қайтады екен. Сол момын құстың зарына зар
қосып, «Самұрықтың зары» деп шерткен күй еді.
Достарыңызбен бөлісу: