«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


ОРАЗБАЙ 354. «Оразбайдың ақ белбеу аты»



Pdf көрінісі
бет199/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

ОРАЗБАЙ
354. «Оразбайдың ақ белбеу аты» 
Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш 
деген адам өткен. оның «оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз 
туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу 
бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе 
алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын 
көркімен елді таңқалтқан ат болыпты. Сондықтан өнерпаздар 
оны күй етіп, аттың әсем жүрісін күй тілі арқылы бейнеле ген. 
Қысы-жазы арқасынан ер кетпейтін кедейдің жалғыз ке рігі 
болғандықтан, ат айыл қиып, ақ айыл болып қалады. Сон дық-
тан ел оны ақ белбеу ат деп атап кеткен.


332
333
күй және күйшілер туралы аңыздар
МҰХИТ БИТЕНОВ
355. «Үш балам» 
Мұхит Битеновтың күйі. «үш балам» күйін 1962 жылы ав-
тордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 
1941 жылы Битенов Мұхит отан соғысына аттанғанда оның 
үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 
1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. 
Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда алдынан шы-
ғатын үш баласының бірі де болмай, бәрінің де қайтыс болға-
нын естіп, қатты қайғырады. ол өзіне жұбаныш болар ештеңе 
таппай, төрде ілулі тұрған домбырасын алып көзден жасын 
ағыза, толғана, тебірене отырып бір күй тартады. Күйді тыңдап 
отырғандардың бірі: 
—Мұхит, мына тартқаныңыз бұрын естілмеген саз ғой, аты 
қалай?—дегенде: 
—я, дұрыс айтасыз! Бұл үш баланың қайғысына арнаған 
«үш балам» атты күйім,—депті әрі күйші, әрі жауынгер Мұхит 
Битенов. 
МЕРУЕРТ МЕРХАДИН
356. «Аққу»
(V нұсқа)
Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт 
өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді. 
1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау 
етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы 
шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді. 
Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағасы-
на киімдерін тастап, мылтығын алып, Меруерт әлгі аралға 
малтып өтеді. онда аққулардың ұясы бар екен. ұядағы сегіз 
жұмыртаның алтауын алып, екеуін қалдырады. Меруерттен 
бір пәленің келгенін сезген аққулар, судан көтеріліп, ұясының 
үстінен айналып шығады да, жағада тұрған Меруертке қарай 
жалынышты үнмен сұңқылдап ұшады. Мұны көрген Меруерт: 
—осы жерден алып кете алар ма екен, соны көрейінші,—
деп, әкелген жұмыртқаларын жағаға қойып, өзі бұғып, тасадан 


334
күй аңыздар
қарап отырады. Аққулар жұмыртқаға әлденеше рет жақын дап, 
қанатымен қағып, аяғымен іліп кетпекші болды да, ала ал май 
төрт-бес дүркін айналып ұшып, мұңды үнмен көлді жаңғыр тып 
кетіп қалады. Меруерт сол аққулардың жұмыртқасын іздеп 
ұшқанын көріп, олардың жалынышты үнмен сыңқылда ға нын 
естиді... 
үйіне келген соң далада көрген оқиғасын, табиғат көрініс-
терін көз алдына елестетіп, аққулардың сыңқылдаған дыбы сын 
домбыраға салып, Меруерт «Аққу» деп күй шығарады. 


334


336


336
ТоМҒА ЕНгЕН МӘТІНДЕргЕ ТүСІНІКТЕМЕ
Қазақтың халық аңыздары—ұлттық фольклорымыздың ең 
бір көне де көлемді жанрларының бірі. Жалпы, аңыздардың 
тақырып аясы өте кең, сюжеті де сан алуан болғанмен, фольк-
лортанушы ғалымдар оларды екі тақырыптық түрге бө леді. 
Ал ғашқы топқа тарихи аңыздар, ал екіншісіне мекендік (то-
по 
нимдік) аңыздар жатқызылады. Қазақ аңыздарын алғаш 
сөз етуші ғалымдар қатарында Ш.уәлиханов, г.Н.Потаниндер-
дің есімі аталады. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Б.Адамбаев сынды 
ғалымдардың Кеңес дәуіріндегі еңбектерінде аңыз жанрының 
табиғаты туралы бағалы пікірлер кездеседі. Шынтуайтында, 
қазақтың күй аңыздарына терең мән беріп, маңызды мәселе 
көтерген академик-жазушы М.о.Әуезов болды. «Бірінші топқа 
жататындар,—деп жазады Мұқаң,—Қорқыт, Асан, Алдар көсе 
сияқты тарихи адамдар жайындағы аңыздар және Қожанасыр 
жайындағы аңыз-анекдоттардың қазақша нұсқалары. Екінші 
топқа күй аңыздары жатады. Домбыра мен қобызда, сыбызғыда 
тартылған күйлер арқылы әр аңыздың мазмұны баяндалады. 
Қазақта күй жүздеп саналады. Солардың әрқайсысының да 
ауызша айтылатын кіріспесі болады»
1

Қазақтың халық прозасын арнайы зерттеуші академик 
С.А.Қасқабасов күй аңыздарының синкретті сипаттарына на-
зар аудара келе, былайша тұжырымдайды: «Ал, күй аңызына 
келсек, онда әртүрлі жанр тоғысқан: миф, аңыз, әпсана-хикаят, 
ертегі, жыр. Күй түрінде орындалатын аңызды айтар болсақ, 
олардың басым көпшілігі тарихи оқиғаларға байланысты бо-
лып келеді»
2
. расында да, күй аңыздары фольклордың өзге 
1
Әуезов М. уақыт және әдебиет. — А. 1962. —55-б.
2
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. —А., 1984. —131-б.
22-136


338
күй аңыздар
жанрларымен де, өзімен тектес, өзектес мекендік немесе тари-
хи аңыздармен де тақырыптық, сюжеттік сарындар жағынан 
сабақтасып жатады. Зерттеуші сондай шығармалардың қа-
та рында «Сарыөзен» күйін атайды
3
. Бұдан күй өнерінің ғана 
емес, күй аңыздарының да синкретті табиғатын, алуан та қы-
рыптылығын айқын аңғарамыз.
Қазақтың күй аңыздары туралы зерттеу жұмыстары кеші-
рек қолға алынғанымен, бірқатар құнды еңбектер жарық көрді. 
Солардың арасында белгілі этнограф-ғалым А.Сейдімбектің 
«Күй шежіре» атты кітабы айрықша атауға лайық. Ғалым ның 
жазуынша, күй тартылмас бұрын білікті домбырашы сол күйдің 
шығарушысы, шығу себебі, күйдің тартылу ерекшелігі, күйді 
кімдердің жеткізгені және қазіргі тағдыры жайында мағлұ-
мат беретін әңгімесін айтып алатын болған... яғни, осы күймен 
қосарлана айтылатын әңгімені халқымыз «күй аңызы» деп 
атайды».
4
Зерттеуші күй аңыздарының туу себептері жайын-
да сөз қозғай келе төмендегідей пікір сабақтайды: «Қазақта 
неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын сонша аңыз-
әңгімесі бар. Қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, 
сазсырнай сияқты музыкалық аспаптарымызда тартылатын 
мың сан күйдің бірде-бірі себепсіз шықпаған. Бұл аңыз әңгі-
мелер тартылатын күйдің музыкалық мән-мағынасын, әуендік 
ерекшелігін, иірім қағыстарын дұрыс түсінуге себепші болумен 
бірге халқымыздың тарихи-әлеуметтік өмірінен мол мағлұмат 
береді. Күй аңыздары өзінің нақтылығымен, шынайы өмірді 
арқау етуімен халық тарихының ең бір жанды шежіресі болып 
табылады»
5
.
Әрине, күй аңыздарының ұлттық фольклорымыздың осы 
жанрындағы өзге екі түрінен елеулі айырмашылықтары бары 
күмәнсіз. Бұл құбылысты зерттеушілердің өздері де түр лі ше 
түсіндіреді. Мәселен, күйдің тарихы, жеткізушілер туралы 
мәліметтер, мұрағаттық яки кітаби деректер, күйдің музы-
калық табиғаты мен семантикасы, таралу аймағы мен вариант-
тары сияқты толып жатқан кәсіби сипаттары да күй аңызда-
рының өзіне хас жанрлық ерекшелігін аңғартады. Алайда таза 
фольклорлық, иә болмаса, халықтық туындыларға қойылатын 
3
Сонда. —149-б.
4
Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —24-б.
5
Сонда. —26-б.


338
339
ғылыми қосымшалар
шарт бұдан өзгерек. өйткені фольклоршы үшін күйдің қалай 
тартылуы, саздық сипаттары немесе күйшінің шәкірттері ту-
ралы кәсіби нақты деректерден гөрі, сол күйдің шығу тарихы, 
халық аузында айтылатын сюжеттік сарыны қамтылатын ілкі 
аңыздаулар бағалырақ болып саналады. өкінішке қарай, күй 
аңыздарының басым көпшілігі кезінде хатқа түспегендіктен, 
мамандардың аздығынан және қарапайым салғырттықтың 
кесірінен мәтіндік, мазмұндық тұрғыда көп өзгеріске ұшы-
ра ған. Айталық, күй аңыздарын алғаш ел арасынан жазып 
алушылардың бірі академик А.Жұбанов та, одан соңғы күй та-
биғатын зерттеуші ғалымдар да, ең алдымен, оларға фольк лор 
мұрасы ретінде емес, музыкалық шығарма деп қарағандығы 
еш кімді таң қалдырмаса керек-ті. оның үстіне көптеген күйлер 
же 
ке орындаушылардан жазылып алынып, нотаға түсірілу-
мен шектелді. Сол сияқты ертеректе А.В. Затаевич секілді та-
лай музыка зерттеушілері жинаған, түрлі мұрағат қорларында 
сақталған күйтаспалар жөнінде де осыны айтуға болады. 
Бұдан бәрі болмаса да, бірқатар күй аңыздарының жасан-
ды жолмен—тақырыптық, сюжеттік мазмұнына қарап, енді 
біресе күйді тыңдап отырып сипаттау негізінде кейінгі музыка 
мамандарының қолымен жазылғанын аңғару қиын емес. Де-
сек те, күй аңыздарын жинау, зерттеу, жариялау бағытында 
қазақ зерттеушілерінің атқарған қызметі аз емес. Әсіресе қа-
зақ музыкатану ғылымының атасы академик А.Қ.Жұбанов тың 
сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап жазған 
зерделі зерттеулері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Түркеш, 
Абыл, Дина т.б. атақты күйшілер жайындағы іргелі еңбектері 
өз алдына бір төбе. Ғалымның ұзақ жылғы ізденістерінен 
соң жазылған «Ғасырлар пернесі» атты көлемді кітабы күй 
аңыздары мен олардың жанрлық табиғатын бағамдау бағы тын-
да сара жол ашқан алғашқы құнды еңбек болды
6
. осы кітап-
та «Қазақтың күй аңыздары қалай туған?» дейтін маңызды 
сауалдарға салиқалы жауап беріліп, салмақты деректер, ойлы 
тұжырымдар келтіріледі. «Қазақтың домбырашы-күйшілері 
шаршы топ алдында шығып, күй орындамастан бұрын, шы-
ғарманың мазмұны мен тарихын ауызша айта кететін-ді. Дом-
бырашылар күйдің мән-жайын өз сөздерімен айта отырып, 
6
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. (Қазақтың халық композиторларының өмірі 
мен творчествосы туралы очерктер). —А., 1975.


340
күй аңыздар
мұндай әдісті кейде тыңдаушыларға өз ойын ұқтыру үшін 
қолданатын. Көптеген халық күйшілері ащыны да, тұщыны 
да өз жұртымен бірге көріп жүрген соң, күй тарихына орай, 
әңгіме-хикаялары көптің көкейіндегі арман-мұңына дөп түсіп, 
қарайлас жататын»
7
,—дейді зерттеуші. Ғалымның «Халықтың 
өнерге құштар махаббаты мен құрметін кей аңыздардан аңға-
ру қиын емес, оларда музыканың елдің сана-сезіміне, тіршілі-
гі не, табиғат-болмысына тигізетін елеулі әсері сөз етіледі»
8
де-
ген пікірі де күй аңыздарының мәдени, этнопсихологиялық әрі 
әлеуметтік маңызының тереңдігіне дәлел.
Күй аңыздары этнограф-ғалым А. Сейдімбек еңбектерінде 
де жан-жақты талданғаны мәлім. Зерттеуші академик 
А.Жұбановтың жұртшылыққа мәлім келелі ой-пікірлеріне 
сүйене отырып, күй аңыздарын былайша жіктеуді ұсынады:
1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары.
2. Күйші-композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.
3. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары. 
4. Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй-аңыздары.
5. Арнау-күйлерінің аңыз-әңгімелері.
6. Жан-жануарлар туралы күй-аңыздары.
9
Сондай-ақ музыка зерттеушісі Ә.Мұхамбетова күй мен күй 
аңызының арасындағы сюжетті және синкретті тұтастықты аң-
ғартатын төрт түрлі сипатын атап көрсеткен. оның бірін ші сі—
аңыз аясындағы күй. Екіншісі—аңызға айналған күй. үшін-
шісі—төл аңызы бар күй болса, төртіншісі—күй мен аңыз
10
.
Қазақтың күй аңыздары жайында музыка зерттеушісі 
Т. Мерғалиевтің арнайы еңбегінде жақсы қамтылған. Бір 
ерекшелігі—онда А. Жұбанов еңбегіндегідей күйшілердің шы-
ғармашылық өмірбаянына емес, күйлердің нотасын кескін-
деу ге көп тер төккен. Зерттеуші қазақ күйлерін: аңыз күйлер, 
тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, жануарларға 
арналған күйлер, лирикалық күйлер деп тақырыптық-сю-
жет тік мазмұнына қарай жүйелей отырып, кітаптың соңында 
күйлердің тарихы, олардың авторы мен орындаушылары ту-
7
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. —А.,2002. —15-16-бб.
8
Сонда. —17-б.
9
Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —29-б.
10
Сонда. —30-б.


340
341
ғылыми қосымшалар
ралы мәліметтер келтіреді. осы қосымша тарауда автор Асан 
қайғы, Боғда, Құрманғазы, Түркеш, Есбай, Саймақ, Есжан, 
Құлшар, Ақбикеш, Сейтек, Балбике, Дайрабай, Қазанғап, Дина 
т.б. белгілі күйшілердің туындыларының шығу тарихы тура лы 
кейбір аңыздық деректерді көпшілік назарына ұсынған. «Ба-
балар сөзі» жүз томдық басылымының кезекті томын әзір леу 
барысында бірқатар күй аңыздары жоғарыда айтылған кі тап-
тан алынды
11
.
Күй аңыздарының мәтіндері музыка мамандары—А.райым-
бергенов пен С.Аманова әзірлеген «Күй қайнары» (1990) атты 
жинаққа да енгізілген. Аталған кітапта авторлар әр күйдің 
нотасымен бірге олардың орыс және қазақ тілдеріндегі аңыз 
мәтіндерін де қатар жариялаған. онда күйлердің өзі аспапта 
орындалу ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, қобыз, дом-
быра, сыбызғы күйлерінің тарихы кезең-кезеңімен және халық 
аңыздарының негізінде жүйелі баяндалады
12
. Жинаққа енген 
халық күйлерінің («Хан жұбату», «Тепеңкөк»; «Жүндібайдың 
сазы», «Жорға аю», «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Ел айы-
рылған», «Ноғайлының зары» т.б.) аңыз әңгімелері өзінің шы-
найылылығымен әрі нақтылығымен ерекшеленеді.
Күй аңыздарын жинап, жүйелеуде А.Есенұлы мен 
г. Елеусізқызы дайындаған «Күй керуені» деген кітапқа ен-
ген мәтіндер де назарға алынды. Атап өтер жайт—осы кітапта 
ха лық күйлеріне баса көңіл бөлінген және Құлшар, Тәттімбет
Сүгір, Боғда, Тоқа т.б. дәулескер күйшілердің күрделі күйле-
ріне орын берілген
13
. Күйлердің көп варианттылығы, соған 
сәйкес сан алуан күй аңыздарының нұсқалары пайда болуы 
күмәнсіз. Мысалы, осы жинақта «Ақсақ құлан» күйінің—6, 
«Кеңес» күйінің—4, «Қосбасардың»—6 нұсқасы берілген.
Сондай-ақ күй аңыздарын қарастыруда музыка және фольк-
лор маманы Б.Жүсіповтың зерттеу еңбектері де қаперге алын-
ды. Автордың Сыр бойы күйшілік мектебі дарынды өкіл де-
рінің шығармашылық мұрасын арнайы сөз еткен кітабында 
Құрманай, Төремұрат, Домақ Тәппет, Құрақ Досжан, үсен төре, 
Қазанғап, Шал Мырза, бастаған бірқатар халық күйшілерінің 
11
Мерғалиев Т. Домбыра сазы. (Музыкалық—этнографиялық жинақ). —А., 
1972. —288-313-бб.
12
раймыбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. 
13
Есенұлы А., Елеусізқызы г. Күй керуені. —А., 1997. —160-б.


342
күй аңыздар
өмірі мен өнеріне қатысты аңыздық тұрпаттағы көнелік әң-
гімелер қамтылады
14
. Біз бұл материалдарды қажетіне қарай 
пайдаланып, кейбір халық аңыздарын осы томға ұсынып отыр-
мыз. Соңғы кездері Қытайда тұратын қазақ фольклоршыла-
ры да күй аңыздарының екі томын баспадан шығарды
15
. Бұл 
бағалы басылымның алғашқы томына халық күйлері енгізілсе, 
екінші том халық күйшілері шығармашылығына арналған. 
«Бабалар сөзі» сериясының осы томына енген күй аңыздары-
ның бірқатары аталған қос томдық бойынша әзірленді.
Күй аңыздарын жинақтау барысында музыка зерттеушісі 
у.Бекеновтың еңбектері кеңінен пайдаланылды.
16
Автордың 
шертпе күй шеберлеріне, олардың өмірі мен күй мұрасына бай-
ланысты жариялаған бірнеше аңыздары да қаперге алынды. 
Сондай-ақ бірен-саран күй аңыздарының мәтіндері жекелеген 
ауыз әдебиеті және көпшілікке арналған ғылыми-танымдық 
басылымдардан алынғанын атап өту парыз
17
. Бірсыпыра фольк-
лорлық аңыздар М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының музыкатану бөлімі қызметкерлері дайын 
да-
ған 5 томдық қазақ музыкасының антологиясынан алынды
18

олардың арасында кейбір күй аңыздарының бұрын жария-
ланбаған нұсқалары да ұшырасады.
Әрине, жоғарыда аталған кітаптарға енген күй аңыздары-
ның көпшілігі ішінара өңделіп, кейінгі кезеңдегі саяси-қоғам-
дық идеология аясында мазмұндық, мәтіндік өзгерістерге 
ұшырағаны байқалады. Мәтіндерді жүйелеу барысында күй 
аңыздарының нұсқалары мұқият салыстырылып, олардың ха-
лықтық, фольклорлық сипаттарына баса назар аударылды. 
Бұл орайда Қр БҒМ М.о. Әуезов атындағы Әөи сирек қорында 
сақталған күй аңыздарының қолжазба материалдары да (ӘӨИ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет