«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет207/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Байғозы Наймантайұлы /1705-1803/—батыр. руы—та-
рақты. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Көктің көлі ауылында 
туылған. Әкесі Наймантай Тәуке ханның бас батырларының бі-
рі болған. Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылы-
ғы на қарсы азаттық күресте қатар шыққан. Байғозы жоңғар-
мен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау
ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі 
шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозының қызы Қойсанадан 
Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күй-
ші ықылас Дүкенұлы туған.
Байжігіт /1705-1795/—күйші, композитор, бостандық жо-
лындағы күрескер. Сары Нияз төренің шәкірті. Байжігіт өмірі 
ат үстінде, қалмақ басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес 
кезеңінде өткен. Сол жорықтар әсерімен «Нарын», «Қы лау ба-
тыр», «Алмажай» сияқты күйлерін шығарған. Эпика лық са-
рында тартылатын күйлерінде ел қорғаны болған жаужү рек 


350
351
ғылыми қосымшалар
батырлардың бітім-келбеті музыканың тілімен өрнектел 
ген. 
оның «Секіртпе», «Бұлғын-Сусар», «Тоғыз тоты», «Қос оба», 
«Ақтабан», «Аңшының зары», «Беласар», «Қашқан қалмақ» 
т.б. күйлері бар.
Байсерке Құлышұлы /1841-1906/—күйші, домбырашы, 
Жетісу күйшілік мектебін салушылардың бірі. Жамбыл облы-
сының Шу өзені бойында өмірге келген. Байсерке ұлы жүз ішін-
де дулат. Атақты мүйізді өтеген батырдың тікелей ұрпағы бо лып 
келеді. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан өнері төгіл ген 
ісмәр, халық музыкасының парқын білетін сергек жан бол ған. 
Байсерке домбыраны бала жасынан меңгеріп, Жетісу алабы 
мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ меңгер-
ген. Алқалы бас қосуларда дәулескер күйшілермен дом быра 
тар тысып, алыс-жақынға таныла бастаған. оның алғашқы күй-
лері «Ат ойны», «Жекпе-жек» күйлерімен қатар, «Келін шек», 
сондай-ақ баласы өлгендегі «Солқылдақ», қазақ даласын дағы 
жұтқа арналған «Төрт қарға», ресей отаршылдығына қарсы 
«ұранкүй» т.б. күйлері бар.
Байұлы—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре 
бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Байұлына байланысты 
ежелгі Қытай деректері мен кейінгі жазба деректерде бірқатар 
мәліметтер ұшырасады. Мәселен, орхон-Енесей жазбаларын-
да Байырқу, ал Таң империясының жылнамасында Байегу 
делінеді. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында бол-
ған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі Шығыс 
Түркі қағандығының, кейіннен Батыс Түркі қағандығының 
құрамына енеді. Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің 
бойын мекендегенін айта келіп: «Бәрі де ауқатты, 60 мың адам-
дары бар, 10 000 әскер шығара алады» деп жазды. Билеуші ле-
рін «Елтебер» деп атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет