348
күй аңыздар
Албан—қазақ халқын құрайтын ежелгі ірі тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына кіреді. Албан ата-
уы көне жазба тарихи деректерде кездеседі.
V-VI ғасырларда
Жетісу өңіріндегі үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тай-
пасы аталып, дулу одағында болған. Шежіре деректері бойын-
ша, Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. оның атын
Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған себебі—бала туғанда
жарық шеке болып дүниеге келген.
Содан оны алғашында
«Жа рықшеке», кейіннен «Жарықшақ» атап кеткен. Сол Жа-
рықшақтан үш ұл: Албан, Суан, Дулат тарайды. үшеуі өсе келе
үш рулы елге айналады. үлкені—албан, ортаншысы—суан,
ең кенжесі дулат болып бөлінеді. Қазіргі кезде албандар Алма-
ты төңірегі,
Нарынқол, Шонжы, Кеген аудандарымен қатар,
Қытайдағы қазақ автономиясының Құлжа, Текес, Нылқы,
Мұңғылкүре, Шапшал т.б. аудандарында қоныс тепкен.
Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі.
Ше жіре бойынша, орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо ны-
сы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай
өзендерінің бойлары мен Бал-
қаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежел-
ден келе жатқанын орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қы тай
жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари,
орыс зерт теу шісі
Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ шежіре сін-
де арғындар: бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөліне-
ді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып: қуандық,
сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген
аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті момын» аталып:
қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім,
шақшақ болып жіктеледі.
Арқалық батыр /XVIIІ ғ. соңы—XIX ғ. басы/—сыртқы
жау
ларға қарсы соғыста даңқы шыққан батыр.
Абақ-керей
төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Бұл күресте
оған қалмақтың Қарамерген, Қоңқа деген батырлары қосыл-
ған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз,
әңгімелер, жыр-
лар көп сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: