356
күй аңыздар
Мергенбай, Дайырбай, Көдек, Тұрғанбек, Татамбай,
Жан бота
деген алты ұлы болған. Ал Мергенбайдың өзі тоғыз әйел алып-
ты. Соңғы екеуінен бала жоқ екен. Басқаларынан отыз ұл, отыз
қыз көріпті. Солардың он төртінен ұрпақ тараған. Бәрі де өз
ортасында беделді, өнерпаз, батыр-палуан болып өседі.
Жетісу өңіріндегі күйшілік өнердің өрнегі бөлек тағы бір
мектебі, осы Мергенбай атымен тікелей байланысты. Арғы
ата лары Байғозы, Шыңғысбай, өз әкесі Ерденеден қалған күй-
шілік-домбырашылық өнерді ұрпағына
аманат еткен Мерген-
бай көптеген күйлер шығарған адам. оның шаңырағына «Дәуіт
пайғамбар қонған» деген тәмсіл әлі күнге дейін айтылады.
Жантай батыр—қазақ халқының жоңғар шапқын
шы-
лығына қарсы азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр.
орта жүз—арғын тайпасының қанжығалы руынан шыққан.
Абылай хан 1771 жылы ресейден Қытайға қарсы ығысқан
қалмақ әскерін барлауға әрқайсысына 500
әскерден беріп,
Бөгембай мен Жантайды жіберген. Жантай батыр қолға
түсіп қалған інісі Арқандарды құтқармақ болып, 10
мыңдық
жау шебіне басып кіріп, осы соғыста ерлікпен қаза табады.
Батырдың сүйегі Есіл өзенінің бойындағы Жантай ауылының
жанында жерленген.
Жантөре Айшуақұлы /1759-1809/—мемлекет
қайраткері,
дипломат, Кіші жүз ханы (шамамен 1805-1809). ол ресейдің
қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанды. Хан сайлан-
ған алғашқы айлардан бастап-ақ билікке таласқан бәсекелес-
те
рінің қарсылығына тап болды.
Әсіресе өзінің нағашысы
Қаратай сұлтанның оны хан ретінде танудан бас тартуы Кіші
жүздегі саяси ахуалды шиеленістіріп жіберді. Жантөре осын-
дай қарсылық жағдайында жетіру бірлестігіне арқа сүйеп, ше-
бер дипломатиялық саясатымен қарсыластарының арасына
іріткі салды. Байұлының бір бөлегі Жантөреге қолдау көрсет ті.
Сондай-ақ ол кіші жүз
арқылы өтетін ресей мен Бұқар, Хиуа
хандықтары арасындағы керуен саудасының қазақтар үшін
пайдалы екенін түсініп, оны қолдады және үстемелеп баж
салығын алып, хандық қазынаны молайтты, керуен тонаушы-
ларды қатаң жазалап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: