«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет219/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Құрманғазы Сағырбайұлы /1823-1889/—күйші, компози-
тор, дүлдүл домбырашы. оның күйлеріне тарихи мазмұнмен 
қатар, терең ойларға жетелейтін саздылық тән. Кең тынысты, 
буырқанған шығармалар мен баяу, терең мәнді туындылар 
Құрманғазы шығармашылығының жанды буыны. Құрман-
ғазы ның күйлерінің бірсыпырасы қазақ халқының поэзиялық 
өлең өрнектерімен сабақтас. Мысалы, «Аман бол шешем, аман 
бол!» деген шығармасы 8 буынды поэзиялық өлшемнің көріні-
сі. Құрманғазы 70-тен аса күй қалдырды. Қазақ мәдениеті 
және музыкатану ғылымы үшін Құрманғазы күйлерінің 
фольклорлық келбеті—көп нұсқалылығын; музыка тілінің 
даму ерекшеліктері—стадиялылығын; жалпы күй өнеріне 
тән белгілері—типологиясын т.б. анықтаудың маңызы зор. 
Құрманғазы ның «Ақбай», «Қайран шешем», «Кісен ашқан», 
«Түрмеден қашқан», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», 
«Қызыл қайың», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Сарыарқа» 
т.б. көптеген күйлері бар.
Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха -
лық тарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда 
орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыс-
тардың бірі. Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина 
усу ескерт кі шінде кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бой-
ынша IX ға сыр да ғы қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, 
қаңлы, қарабө рік ті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тай-
палар енген. Қыпшақтар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін 
алғашында қи мақ қағандығының құрамында болып, XI ға-


364
күй аңыздар
сырда бөлініп шықты. Шыңғысхан империясының батыс 
бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын орда) тарихшылар Дешті 
қыпшақ деп атаған.
Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/—батыр, ақын, күйші. 
исатай Тайманов бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды 
жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, аздап орысша оқыған. 
Әкесі өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдар орын-
бор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында 
болды. 1834 жылдан бастап исатай батырмен бірікті. Жәңгір 
хан Махамбетті өз жағына тартып старшын лауазымын ұсы-
нып та көрді. Бірақ орыс империясының қазақ хандығын жою 
мақсатындағы іс-әрекеті, жердің тарылуы, әсіресе, Жәңгір 
ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен қайын ата-
сы Қарауылқожаға ұстемдік беруі бүліншіліктің туылуына 
себепші болды. ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін 
байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, 
елдікті сақтап қалуға шақырды. оның «Мұнар күн», «Ереуіл 
атқа ер салмай», «Әй, қызғыш құс, қызғыш құс», «ұлы арман», 
«Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер», 
«Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы» т.б. көптеген 
жырлары бар. Махамбет тек қана ақындығымен емес, күйші-
лік өнерімен де әйгілі. Мысалы, «Қайран Нарын», «Жұмыр 
қылыш», «Шілтерлі терезе», «Жайық асу», «Қиыл қырғыны» 
қатарлы бірнеше күйлері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет