362
күй аңыздар
орыс-қазақ зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда, бұл
мола және олардың басына орнатылған
ескерткіш қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылына
таяу—Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Қорқыт /VІІІ-ІX ғғ./—жырау, композитор, әнші, күйші,
қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Тарихи жазба
мәліметтер
мен аңыздар, халық шежірелері бойынша, Қара-
қожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында,
Жаңкент қаласында өмір сүрген.
Қоңырат—орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі
халық та-
рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында қо-
ңырат тайпасының өзіндік орны бар. Көбінесе Жиделібайсын,
Сыр бойы мен орта Азия далаларын мекендеген. өзбекстанда
Қоңырат қаласы бар. Алпамыс батыр осы қоңырат руынан
шыққан делінеді.
Құнанбай Өскенбайұлы /1804-1886/—би,
аға сұлтан,
Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Бұрынғы Семей облысы,
Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында туған. Құнанбай жасынан
палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп,
әкесі өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1846 ж.
генерал Вишневскийдің ұлы жүз қазақтарын ресейдің боданы
ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты.
Экспедиция құрамында болған
поляктың саяси қайраткері
А.янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қай-
раткерлік тұлғасы туралы: «Құнанбай өңірге аты жайылған
адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және
жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам
жейді, дала заңдары мен Құран
қағидаларының жетік білгірі,
қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай
біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман.
Жұрт пайғамбардай сыйлайды. одан ақыл сұрауға жас та,
кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады.
Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған...,
әділетсіздік пен дәулеттілердің
зорлығына қарсы қалқан
болған»—деп сипаттайды («Қазақ даласына жасалған сая-
хат туралы жазбалар». А., 1979). Кей деректерде Құнанбай
қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам
уақыт тұрып, Құдайға құлшылық етушілерге арнап тәкие
362
363
ғылыми қосымшалар
(қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. ол би,
болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын—қазақтың
дәстүрлі заңын, патша өкіметінің «Сібір
қазақтарына арнал-
ған низамын», шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрі нің
негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асыр ды.
Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң
тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай
білді.
Балаларын орысша оқыта отырып, мұсылмандықты
уағызда ды. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы
деректерді жинап, бір ізге түсірген—М.Әуезов. оның «Абай
жолы» эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеология
ықпалына сай бұрмаланғанымен, жан-жақты сипатталып, ше-
бер сомдалған.
Достарыңызбен бөлісу: